Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет165/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

99-сурет. Сұр шірік

Склероцийлардан төменгі температурада ұзын сабақты апо- тецийлер өніп жеміс дене ішінде цилиндр тəрізді қалталар мен жұмыртқа пішінді бір клеткалы қалтаспоралар түзіледі. Қолайлы температурада (19-26°С) склероцийдан жіпшумақ жəне конидиялы спора тасушылар дамиды. Саңырауқұлақ тамырда жіпшумақ тү- рінде, ал склероцийлар тұқым ішінде жəне өсімдік қалдықтарында сақталады.


Сұр шірік күнбағысты вегетация бойы залалдайды. Жас өсім- діктердің жапырағы мен негізі ауруға шалдығады. Залалданған бөліктер кейін қоңырланып, сұр өңезбен жабылып, оның үстінде қара склероцийлар түзіледі де, өсімдік қурайды.
Өсіп-өнген өсімдіктердің сабақ негізінде сызықшалар пайда болып, ұлпалары қоңырланып, кейін сұр өңезді қоңыр дақтар тү- зіледі. Жоғарғы жапырақтары солып, төменгілері қурайды. Сабақ- тың залалданған ұлпалары ыдырап, сынады. Залалданған бөлік- терде домалақ, сəл басылған склероцийлар түзіледі.
Сұр шіріктің себеттегі белгісі оның астыңғы бетінде майлы дақ түрінде көрінеді. Гүл тұғырының ұлпасы жұмсарып, себет бетінде мол, сулы өңез пайда болады да 7-10 күннен кейін себет шіриді. Тұқым бетінде жəне оның ішінде склероцийлар түзіледі.
Тат. Ауру қоздырғышы – Puccinia helianthi Schw. саңырауқұла- ғы (100-сурет). Қоздырғыш бір иелі, толық циклды, барлық кезеңі күнбағыста дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет