Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет164/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

98-сурет. Ақ шірік
Саңырауқұлақ склероций түрінде қыстайды. Көктемде қысқы суықта тоңазыған склероцийдан табақша тəрізді, ұзын сабақты апотецийлер өнеді. Оның ішкі жағында қалың қабықты қалта мен қалтаспоралар орналасады. Бір склероцийдан көлеміне байланыс- ты бірнеше жеміс денелер түзіледі. Аскоспоралар өсімдік бетіне түсіп, жіпшеге өнеді де, өсімдікке енеді. Инкубациялық кезең – 7-10 күн.
Склероцийлар көктемде жəне жаз бойы өнеді, сондықтан өсім- дік ауруға барлық өсіп-өну кезеңдерінде шалдығады. Тоңазымаған склероцийлар жіпшелерге өніп, олар өсімдіктің тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігіне енеді. Өсімдіктен өсімдікке саңырау- құлақ жіпше арқылы тарайды. Жіпшелер кепкенде де тіршілігін сақтайды. Олардың үзіндісі желмен таралып, ылғалды ортада күн- бағысты қайта залалдайды.
Кейбір өсімдіктер ақ шіріктің жасырын түрімен ауырады. Бұл жағдайда өсімдікте аурудың белгісі көрінбейді, бірақ күнбағыстың бойы өспей ергежейленіп, себеті дамымай, өнімі 25% (кейде одан да көп) төмендейді. Кеселдің дамуына қолайлы жағдай 15-180С температура жəне 60-80% ылғалдылық. Ауру қоры өсімдік қал- дықтарында жəне топырақта сақталады. Склероцийлар тұқым ара- сында да сақталуы мүмкін.
Ауруға жас жəне өсіп жетілген өсімдіктер шалдығады. Жас өсімдіктердің тұқым жарнағында, жапырақ жəне сабақ негізінде мол, түсі ақ киізді өңез түзіледі. Тамырлары жұмсарып, суланады. Сабақтың залалданған бөлігі жұмсарып, түсі қоңырланып, ыдырап, сынып, өсімдік түгел қурайды. Өңез бетінде жəне сабақ ішінде пішіні мен көлемі əртүрлі, түсі күңгірт немесе қара, тығыз склеро- цийлар түзіледі. Ауру өсімдікте себет түзілмейді. Құрғақ ауа ра- йында сабақтағы өңез жойылып, оның орнында ақшыл центрлі дақ қалады.
Ақ шірік ауруы күнбағыстың себетін де залалдайды. Себеті- нің астыңғы жағында ақшыл-қоңыр дақтар пайда болып, ұлпасы ылғалданып оңай тесіледі. Дақтар тез ұлғайып, олардың үстінде жəне себет бетінде ақ түсті киізді өңез түзіліп, ол тұқымға да енеді. Тұқымдардың ішінде жəне аралықтарында кейін тұтасқан, торлы қара склероцийлар түзіледі.
Сұр шірік. Ауру қоздырғышы – Botrytis cinerea Fr. саңырауқұ- лағы (99-сурет). Қоздырғыш 200-ге жуық өсімдік түрлерін залал-
дайды. Оның жіпшумағы залалданған мүшелерге еніп, бетінде мол өңез түзіліп, көптеген конидиялы спора тасушылар пайда болады. Жіпшелері күңгірт-сұр түсті, конидия тасушылары тік, қабығы қалың, төменгі бөлігі қоңырлау, жоғарылаған сайын түссізденеді, бұтақталған, соңғы бұтағы майда, тісті олардың бетінде конидия- лар топтанып орналасады. Конидиялары бір клеткалы, жұмыртқа немесе эллипс тəрізді, түсі сəл боялған, көлемі 9-15 х 6-10 мкм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет