Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет166/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

100-сурет. Күнбағыс таты

Көктемде түскен тұқымнан өскен өсімдік жапырағының үс- тінде дөңестеу, түсі қызғылт-сары дақтар пайда болып, кейін шар тəрізді спермагонийлерге айналады. Жапырақтың астыңғы бетінде майда қызыл-сары, табақша тəрізді эцийлер түзіліп, тіршілігі өте қысқа эциоспоралар пайда болады.


Эциоспоралармен залалданған өсімдік жапырағының астыңғы бетінде майда, тат-қоңыр түсті урединийлер түзіліп, онда бір клет- калы, шар тəрізді, түсі ашық-қоңыр, қабығы сəл тікенекті, екі өне- тін саңлауы бар урединиоспоралар қалыптасады. Жаз бойы уреди- ниоспоралар бірнеше ұрпақ түзіп, вегетацияның соңында жапырақ үстінде телиоспораларымен телий бөртпелер пайда болады. Пішіні эллипс тəрізді, қабығы төбесіне қарай қалыңдау, сабақта орналас- қан екі клеткалы телиоспоралардың көлемі 35-63 х 20-28 мкм.
Қыстап шыққан телиоспоралар базидияға өніп, онда төрт бази- диоспора түзіледі. Соңғылары желмен таралып, жас өсімдіктерді залалдайды. Споралардың өнуіне ылғал қажет, сондықтан жауын- шашын мол жылдары тат ауруы қарқынды дамиды. Ауру қоры за- лалданған жапырақта қыстайтын телиоспоралар жəне түскен ұрық- тан өнген өсімдіктер мен арам шөптерде (сары сояу) сақталатын саңырауқұлақ жіпшелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет