Тамырдың қара шірігі. Ауру қоздырғышы – Thielaviopsis basi- cola Ferr. саңырауқұлағы (102-сурет). Ол түсі қоңыр жіпшумақта алғаш түссіз, бір клеткалы, пішіні таяқша тəрізді эндоконидиялар, кейін түсі қара-қоңыр қалың қабықты тізбектелген хламидоспора- лар түзеді.
Соңғы споралар қыстап шығып жеткілікті, топырақ рН 6,4- 7,0 аралығында ауру қатты дамиды. Жаз айларының жоғары тем- пературасы мен топырақтың тез кебуі инфекцияның жойылуына əсерін тигізеді.
Қоздырғыш темекімен қатар 100-ден астам өсімдік түрлерін – мақта, беде, жоңышқа, бөрібұршақ, жасымық жəне т.б. залалдайды. Инфекция қоры өсімдік қалдығы мен топырақта жіпшумақ, хла- мидоспора түрінде сақталады.