Темекі мозаикасы. Ауру қоздырғышы – Tabako mosaic virus (Nicotiona virus I Smith.) вирусы. Қоздырғыш құрғақшылыққа өте төзімді, олар ұзақ уақыт темекі тозаңында сақталып, желмен кө- шеттерге жəне егістікке тарайды. Вирус аса патогенді, жапырақ жəне басқа да мүшелерге майда жарақаттар арқылы енеді.
Патоген вегетация кезінде ауру өсімдік пен сауы жанасқанда, қопсыту кезеңінде, бұтақтарын сиретуде, жапырақ өнімін жинауда өсімдік шырыны арқылы таралады. Вирусты көбінесе бітелер жəне басқа да насекомдар таратады.
Темекіден басқа бұл қоздырғыш – картоп, қызанақ, рауғаш, бүл- дірген, бұрыш, көкбек, қара алқа жəне т.б. залалдайды. Инфекция қоры – шірімеген өсімдік қалдықтары.
Өсімдік барлық вегетациялық кезеңдерде залалданады. Жапы- рақта ашық-жасыл түсті, мозаикалы дақтар пайда болады. За- лалданған жапырақ шеті үстіне қарай сəл ширатылып, кейін қа- бынған ірі көпіршіктер түзіледі.