1. Қандай процестердің нәтижесінде қабыршақ, қабық, түйіншек, көпіршікше, төмпешік пайда болады.
2. Дермографизм, түрлері, анықтау әдісі.
3. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі атопиялық дерматиттің клиникалық көрінісіне қандай біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтер тән.
4. Әр түрлі жас кезеңдерінде атопиялық дерматитте бөртпелердің жиі орналасатын локализациясы.
5. Теріні ылғалдандыру және жұмсарту үшін жергілікті қандай заттар қолданылады.
6. Атопиялық дерматиттің асқынулары.
7. Бала 3,5 айлық, жасанды қоспаларды қабылдайды. Эритема, қабыршықтар, содан кейін қабық болып кебетін жарықтар мен ылғалдану байқалады. Бала мазасыз, нашар ұйықтай бастады. Диагноз қойыңыз:
8. 35 жастағы науқаста бас терісінің, дененің, аяқ-қолдың сыртқы беттерінің терісінде қызғылт-қызыл түсті лентикулярлы, тиын тәрізді, қызғылт-қызыл түсті түйіншектер бар. Элементтердің бетінде құрғақ сұрғылт-ақ түсті қабыршықтар, элементтердің шетінде қызыл жиек бар.УКС процедурасынан кейін жаңа бөртпелердің пайда болуын атап өтеді. Сіздің диагнозыңыз:
9. Біріншілік мерез, клиникалық көріністері, олардың ерекшеліктері, қатты шанкрдың асқынулары және атипті түрлері.
10. Екіншілік мерез, клиникалық көріністері, олардың ерекшеліктері.
11. Мерез-қоздырғыштың қасиеттері, иммунитет, жалпы ағымы, берілу жолдары, инкубациялық кезеңі.
12. Тексеру кезінде кішкентай, ет-қызыл түсті, түбінде тығыз инфильтраты бар эрозияны анықтау қандай диагноз туралы айтады.
13. Дерматовенерологияда қандай зерттеу әдістері қолданылады.
14. Созылмалы ағымда жүретін кейбір дерматоздардың үдемелі және аяқталу сатылары қандай белгілермен анықталады.
15. Кебнер феномені, Ядассонның тері сынағы, Уикхэм торы дегеніміз не, және оларды анықтау әдістері
16. Қотыр, биттеу-этиологиясы, тән клиникалық белгілері, диагностикасы, емдеу және алдын алу әдістері.
17. Дерматит, токсикодермия-этиологиясы, клиникасы, диагностикасы және емдеу әдістері, ауыр түрлері, оларды емдеу әдістері.
18. Мерезге қарсы емнің түрлері мен әдістері.
19. Тері бөртпесінің морфологиялық элементтерінің эволюциясы.
20. 28 жастағы ер адам жоғарғы ерніндегі кішкентай жараға шағымданды. Дәрігер метилурацил жақпа майын және хлоргексидинмен жууды ұсынды. 5 күннен кейін науқаста оң жақ жақасты аймағында ауырмайтын ісіну пайда болды. Науқас үйленбеген, тәртіпсіз жыныстық өмір сүреді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
21. Фимоздың пайда болу себептері.
22. Антибиотик қабылдау кезінде көпіршіктердің пайда болуы қандай аурудың басталуын көрсетеді?
23.Диаскопия, граттаж, пиломоторлы рефлекс, псориатикалық үштік-сезімталдықты анықтау, май және тер бездерінің функцияларын, Никольский симптомын-анықтау әдістері.
24.Тері құрылымы мен қызметі, тері патогистологиясы, тері бөртпесінің біріншілік және екіншілік морфологиялық элементтері-олардың жіктелуі мен сипаттамасы.
25. Мерезді зертханалық диагностикалау әдістері.
26. Микрореакция оң нәтижелі болса қандай ауру туралы ойлауға болады.
27. Қандай ауру туралы ойлауға болады: аноректальды аймақтағы жалпақ кондиломалар, ауыз қуысындағы эрозивті түйіншектер, полилимфоаденит.
28. Егер жаңа зергерлік бұйымдарды сатып алғаннан кейін қышу, ісіну, эритема пайда болса, қандай ауру туралы ойлауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |