Жапырақтың ширатылуы. Ауру қоздырғышы – L (Solanum virus 14 Smith.) вирусы (124-сурет). Қоздырғыш алқа тұқымдастары- мен қатар басқа да өсімдіктерді залалдайды. Вирус шабдалы бітесі жəне егіс қандаласымен таралады. Инфекция қоры түйнектермен арам шөптерде сақталады.
124-сурет. Жапырақтың ширатылуы
Бірінші жылы залалданған өсімдіктің жоғарғы жас жапырағы- ның бөліктері үстіне қарай ширатылады. Екінші жəне үшінші жылдары өсімдіктің төменгі жапырақтары ширатылып, ауру бірте- бірте жоғарғыларына көшеді. Олар қатайып, қалыңдап морт сын- ғыш келеді, өңі сарғыш, қызғылт, күлгін жəне қола түсті болады. Жапырақ бөліктері орта жүйке бойымен ширатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |