133-сурет. Ақ ұнтақ
Жылыжайларда көбінесе Sph. fuliginea саңырауқұлағы кезде- седі. Өсімдік жапырағының төменгі бетінде (көбінесе) қызғылт- сұр өңез түзіледі де, оның үстінде түсі ашық қоңыр, қосымшалары бар клейстотецийлер пайда болады. Клейстотеций ішінде пішіні дөңгелектеу, түсі сарғыш бір қалта түзіліп, онда 5-8 түссіз аско- споралар болады.
Жоғарыда аталған саңырауқұлақтың екі түрі де жіпшумақта көптеген конидия тасушылар түзеді. Конидиялар конидия тасу- шыларда тізбектеліп орналасады.
Саңырауқұлақтың конидиялары мен аскоспораларының өнуіне қолайлы температура 25-27°С. Споралар 20% ылғалдылықта өне бастайды, бірақ олардың қарқынды өніп, өсімдікті залалдауына қажетті ылғалдылық – 80-90%. Инкубциялық кезеңі 5-7 күн. Ин- фекцияның алғашқы қоры – өсімдік қалдықтары, ал кейінгісі – вегетация кезінде залалданған өсімдік.
Залалданған жапырақтың екі жағында да ақ немесе қызғылт- сұр өңез түзіледі. Өңез алғаш жеке дақ түрінде, кейін өсе келе бір- бірімен қосылып, жапырақ алақанын түгел жабады. Өңез үстінде саңырауқұлақтың жеміс денелері – клейстотецийлер түзіледі. Ау- руға шалдыққан жапырақтар солып, мезгілсіз қурайды. Сондай-ақ өсімдіктің сабағы, кейде жемісі де ауруға шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |