Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет206/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

129-сурет. Альтернариоз

Қыстап шыққан ауру қаудан өзегінде саңырауқұлақтың қал- талы кезеңі дамиды. Бұл кезде оны Pleospora herbarum Rab. деп атайды. Саңырауқұлақ қара-қоңыр түсті, шар тəрізді, саңлауы бар перитецийлер түзеді. Қалталарының пішіні цилиндр тəрізді, ішінде көлденең жəне ұзынша перделі 8 қалтаспоралары болады. Қоздырғыш өсімдікке жарақат арқылы енеді. Инкубациялық кезең


– 250С температура мен жоғары ылғалдылықта 1-2 күн. Ауру қоры –
залалданған тұқым, өсімдік қалдықтары, тұқымдықтар.
Өскіннің тұқым жарнағы мен сабағында жəне жас жапырақ- тарында қара некрозды сызықтар мен нүктелер пайда болады. Залалданған өскін қурауы мүмкін. Өсіп-өркендеген өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарында түсі қоңыр, ірі, центрлі дақтар түзіліп, олардың бетінде күйе тəрізді өңез пайда болады. Егер түсті капуста залалданса, онда оның басында қоңыр шірік көрінеді.
Тұқымдық капустаның тұқымқабы мен сабағы қатты за- лалданады. Тұқымқап бетінде қара түсті, жылтыр, шашыраңқы ор- наласқан дақтар түзіледі. Тұқымқаптың ұшы залалданған жағдайда, саңырауқұлақ диффузды таралып, ауруға шалдыққан бөліктің түсі қоңырланып, жарылады. Ылғалы мол кезеңдерде дақ қара түсті, мақпалды өңезбен жабылады. Залалданған тұқымқапта түзілген тұ- қымдар қыртыстанып, жетілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет