Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Базидиомицеттер класы (BASIDIOMYCETES)



бет62/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Базидиомицеттер класы (BASIDIOMYCETES)


Класта 30 мыңға жуық саңырауқұлақ түрлері бар. Негізгі спо- ралары базидиоспоралар аналық дене базидияда орналасады. Са- ңырауқұлақтың арнайы жыныстық мүшелері болмайды. Жыныстық көбеюде екі жіпше клеткалары немесе екі базидиоспоралар қосы- лып, дикарион клеткасын түзеді. Ол өніп дикариотты жіпше береді.


Дикариотты жіпше субстратта таралып, одан ризоморфтар, склероцийлар, жеміс денелер түзіледі. Кейбір базидиялы саңырау- құлақтардың (қозықұйрық, ағашқұлақ) дикаротты жіпшелері көп- жылдық болып, оның ұшында базидиялар түзіледі. Базидия ядро- лары қосылып (кариогамия) диплоидты ядро құрады, соңғысы редукциялық бөлінуден кейін гаплоидты ядролар түзеді де, олар базидиоспораға көшеді.
Базидиоспоралар гаплоидты жіпшеге өніп, олардың клеткалары екі-екіден қосылып, қайтадан дикариотты жіпше құрады.
Базидиялар бір клеткалы холобазидия екі бөліктен тұрады, оның төменгі бөлігі – гипобазидия, жоғарғысы – эпибазидия деп аталады. 2-4 бөліктен тұратын базидия гетеробазидия деп аталады. Кейбір базидиялар 4 клеткалы, оларды фрагмобазидия деп атайды (31-сурет).
1 2 3 4 5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет