(Holobasidiomycetidae)
Холобазидиялы саңырауқұлақтардың базидиялары бір клетка- лы, пішіні цилиндр немесе шоқпар тəрізді, ұшында 4 базидиоспора түзіледі.
Саңырауқұлақ түрлерінің көпшілігінде жақсы дамыған жеміс денелер түзіледі. Бұл класс
тармағы экзобазидиялы қатарға, гиме- номицет жəне гастеромицет қатар тобына бөлінеді.
Экзобазидиялы қатар (Exobasidiales)
Қатарда Exobasidiaceae тұқымдасына жататын 4 туыс бар. Олар- да жеміс денелер болмайды, базидиялары жіпше үстінде түзіледі. Бұл тұқымдасқа жататын түрлер көбінесе тропикалық өсімдіктерді залалдайды.