Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Гименомицеттер қатар тобы (Hymenomycetidae)



бет66/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Гименомицеттер қатар тобы (Hymenomycetidae)


Базидия мен базидиоспоралары жеміс денеде кейбіреулері оның бетінде немесе гименофорында түзіледі. Гименофордың құ- рылысы мен пішіні əртүрлі болады. Жіпшелері ризоморфтар мен баулар түзеді. Жеміс дене мен гименофордың құрылысына байла- нысты гименомицеттер афиллофор (Aphyllophorales), агарикалық (Agaricales) қатарларына бөлінеді.




Афиллофор қатары (Aphyllophorales)


Бұл саңырауқұлақтардың жеміс денесі пішіні, құрылымы əр- түрлі болады. Олар көң, ағаш тəрізді, кейде етті болып келеді. Ги- менофорлары түтікті, тікенекті, бұдырлы, қатпарлы жəне т.б. пі- шінді.


Бұл қатарға ағаштардың шірігін қоздыратын жəне орман ағаш- тарына үлкен зиян келтіретін көптеген тұқымдастар жатады.
Телефор тұқымдасы – Thelephoraceae саңырауқұлақтарының гименофоры тегіс немесе бұдырлы, жеміс денесі көң тəрізді, жа- йылып субстратты орап жатады.
Thelephora terrestris Ehrenb. түрі өскіндердің буыну ауруын, Stereum hirsutum (Willd.) Fr. – жалпақ жапырақты ағаштардың ші- руін, Stereum purpureum (Pers.) Fr. – жеміс ағашының «сүтті жарқы- рауын», Coniophora cerebella (Pers.) Schrot – үй саңырауқұлағын, Peniophora gigantea (Fr.) Mass. – құрылыс ағашының шірігін қоз- дырады.
Рогатик тұқымдасы – Clavariaceae. Бұл саңырауқұлақтар көбі- несе орман топырағының сапротрофтары.
Typhula туысының фитопатогендік T.trifolii Rostr. түрі беде мен жоңышқаның тифулез ауруын қоздырады, залалданған өсімдік- тер 2-3 жылда солып қалады. T. graminum Karst. – күздік дақылдар шірігінің қоздырғышы.
Полипор тұқымдасы – Polyporaceae. Бұл саңырауқұлақтардың алуан түрлі жеміс денелері болады. Олар көң, ағаш тəрізді жəне
пішіні əртүрлі – жайылған, тұяқ, цилиндр, шар, қалпақша жəне т.б. Гименофорлары түтікті, лабиринт тəрізді, қатпарлы болып келеді.
Fomitopsis, Fomes туыстары ағаштарды шірітеді.
Меруллий тұқымдасы – Meruliaceae. Жеміс денесі жайылған, үлпек тəрізді, кейде шеті көтерілген, пішіні мен түсі əр түрлі, етті болады. Гименофорлары қатпарлы немесе қуысты. Бұл тұқымдас- тың кең таралған өкілі – Serpula lacrymans (Wulf. ex Fr.) Bond.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет