Бұл саңырауқұлақтың базидиялары жабық жеміс дене ішінде пайда болады. Жетілген базидиялар сыртқа шаңданып шығады. Бұл топта мыңнан астам саңырауқұлақтар бар. Жеміс денесінің құрылысы əртүрлі. Ең көп таралған түрі – Lycoperdon perlatum жаңбыршы саңырауқұлағы.
(Heterobasidiomycetidae)
Саңырауқұлақтардың базидиялары күрделі олар гетеробази- дия деп аталады. Гетеробазидия екі бөліктен тұрады: гипобазидия жəне эпибазидия. Эпибазидия 2-4 клеткадан тұрады да, гипоба- зидиядан перде арқылы бөлінеді. Жеміс денелері іркілдеген (же- латин тəрізді) кейде кепкен қабық, жастық, мүйіз сияқты болады. Құрғақшылықта олар біліне бермейді, ал ылғалды ауа райында ісі- ніп өзіне тəн пішін алады.
Көптеген түрлері сапрофитті насекомдарда, саңырауқұлақтарда, ағашта, өсімдіктерде өмір сүреді. Heliobasidium purpureum Pat. са- ңырауқұлағы шіріген ағашта кездеседі, ал оның конидиялы кезеңі Rhizoctonia crocorum (Pers.) DC. – ауылшаруашылық дақылдары- ның (сəбіз жəне т.б.) қызыл шірігін қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |