Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Гифомицет қатары (Hyphomycetales)



бет76/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Гифомицет қатары (Hyphomycetales)


Қатардағы саңырауқұлақтардың конидия тасушылары субс- траттың бетінде бос түзіледі. Кейбіреулері өсімдіктен леп саңла- уы, жарық арқылы жеке-жеке немесе топтанып шығып өңез құрады. Конидиялардың пішіні əртүрлі, бір немесе көп клеткалы, көл- денең немесе бойлаған перделері болады. Конидия тасушының


ұшында олар жеке-жеке, топталып жəне тізбектеліп орналасады.
Жіпшумақтың, конидия тасушының, конидияның түсі əртүр- лі болып, түссізден қоңырға дейін өзгереді. Бұл қатардағы саңы- рауқұлақтар түрлі ауылшаруашылық дақылдарының ауруын қоз- дырып, қоймадағы жемнің жəне тағамдардың бұзылуына себеп болады. Кейбіреулерінен микробиологиялық өнеркəсіпте антибио- тиктер мен ферменттер алады. Ал кейбір саңырауқұлақтарды зиян- ды насекомдар мен ауру қоздырғыштарына қарсы қолданады.
Монилий тұқымдасы – Moniliaceae. Бұл саңырауқұлақтардың жіпшелері, конидия тасушылары, конидиялары түссіз, ал кейбіреу- лерінің конидиялары əр түсті болады (39-сурет).
Monilia туысының жіпшумағы эндогенді, ұлпа сыртына тығыз, топталған жіпше түрінде шығады. Конидиялар тізбектеліп түзіледі де, бөлек клеткаларға бөлінеді. M. fructigena жеміс шірігін, M. ci- nerea Bon. жемістің сұр шірігін, M. mali (Jak) Whetzel алманың мо- нилиалды күйігін қоздырады.

1 2 3 4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет