Телиоспоралардың құрылысы бойынша саңырауқұлақ екі тұ- қымдасқа бөлінеді: пукциния (Pucciniaceae), мелампсора (Melam- psoraceae).
Пукциния тұқымдасы – Pucciniaceae. Тұқымдасқа ауылшаруа- шылық өсімдіктерінің ауру қоздырғыштарының көптеген түрлері жатады. Залалданған мүше бетінде эпидермиспен жабылған бөрт- пелер пайда болады.
Телиоспоралары бір, екі, көп клеткалы, сабақты. Кейбір саңы- рауқұлақтарда шырынды зат бөлінеді.
Тат саңырауқұлақтары бір жəне əр иелі болады. Құрамында бірнеше туыстары бар.
Uromyces туысының телиоспоралары бір клеткалы. Урединий жəне телий кезеңдері бұршақ жəне алабұта тұқымдасына жататын өсімдіктерде өтіп, ал эций кезеңі сүттіген туысында өтеді. Мы- салы, U. pisi (Pers.) Schroet. түрі бұршақ таты қоздырғышы – толық циклды əр иелі саңырауқұлақ. Урединий мен телий кезеңдері бұр- шақта, ал спермагоний мен эций кезеңдері аралық ие-өсімдік сүтті- генде өтеді. U. Betae (Pers.) Lev. саңырауқұлағы толық циклды, бір иелі – барлық кезеңдері қызылшада өтеді.
Puccinia туысының телиоспорлары екі клеткалы. Бұл саңырау- құлақтар əр иелі, көбінесе дəнді дақылдарды залалдайды. Дəнді дақылдарда урединий жəне телий кезеңдері, ал P. graminis Pers. саңырауқұлағы толық циклды, əр иелі, аралық иесі – бөрі қарақатта спермагоний жəне эций кезеңдері өтеді. Аурудың аты – сабақты немесе сызықты тат деп аталады (37-сурет). P.triticina Eriks. саңырауқұлағы дəнді дақылдардың жапырағы- ның қоңыр татын қоздырады. Ресейде бұл саңырауқұлақ толық
циклды, əр иелі, аралық иесі – марал оты мен итшомырт. Басқа аудандарда бұл саңырауқұлақ жартылай циклмен дамиды, уреди- ний жіпшелері мен урединиоспоралары күздік бидайда қыстайды.
Phragmidium туысының телиоспорлары көп клеткалы, көбінесе бір иелі, толық циклды саңырауқұлақтар. P. rubi-idaei Karst. түрі таңқурайдың татын қоздырады. P. disciflorum James. – раушан гүл- ділерде дамиды.
Gymnosporangium туысының телиоспоралары шырышты зат ішінде түзіледі. Олар екі клеткалы, ұзын сабақты. Саңырауқұлақтар жартылай циклмен дамиды. Урединий кезеңі болмайды, ал телио- споралары көктемде пайда болып, эцийспоралары жазда түзіледі. Эцийлері рестелий деп аталады, ол ұзынша келген өскін немесе қылтаң тəрізді.