Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. 1 – Phoma, 2 – Sphaeropsis, 3 – Ascochyta, 4 – Septoria



бет81/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

44-сурет. 1 – Phoma, 2 – Sphaeropsis, 3 – Ascochyta, 4 – Septoria,
5 – Polystigma, 6 – Cytospora, 7 – Darluca
Phoma туысының пикнидалары шар тəрізді, субстратқа батып орналасады. Конидиялары түссіз, бір клеткалы. Қоректенуі бойын- ша – сапротроф немесе факультативті паразиттер. Өсімдіктердің фомоз ауруын қоздырады.
Sphaeropsis туысының пикнидалары шар, конидиялары жұмырт- қа тəрізді, түсі қоңыр. S. malorum Peck. жеміс ағашының қара рагын қоздырады. Жемістің қара шірігін, жапырақтың қара дағын, гүлдің күйігін, бұтақтардың қара рагы сияқты ауруларды қоздырады.
Ascochyta туысы. Əртүрлі дақылдардың аскохитозын қоздырады. Өсімдіктің барлық жер үсті мүшелерін залалдайды. Конидиялары екі клеткалы.
Diplodia туысының конидиялары қоңыр түсті, екі клеткалы.
D. zeaе Lev. саңырауқұлағы жүгерінің диплодиоз ауруын қозды- рады. Жүгерінің собығы, дəні, сабағы, жапырағы, тамыры, өскіні залалданады.
Septoria туысының конидиялары боялған, көп клеткалы, пішіні жіп немесе цилиндр тəрізді. Көптеген ауылшаруашылық дақыл- дарында пикнида түзеді.
Cytospora туысының пикнидалары субстратқа батып, стромада түзіледі. Конидиялары майда, түссіз, бір клеткалы. Бұл туыс өкілдері қалталы саңырауқұлақтарға жататын Valsaceae тұқымдасының ко- нидиялы кезеңіндегі ағаштардың цитоспороз ауруын қоздырады. Бұлардың ішінде басқа саңырауқұлақтардың паразиттері де бар. Darluca filum Cast – тат, Cicinnobolus (syn. Ampelomyces) cesatii de

  1. – ақ ұнтақ саңырауқұлақтарының паразиттері.

Polystigma туысы пикнидалары ашық түсті стромаларға батып рналасып, сүйекті жеміс ағаштарының жапырағында қалың, қы- зыл дақтар түзіп, полистигмоз ауруын қоздырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет