Вирустардың өсімдікте таралуы мен орнығуы
Өсімдікті залалдаған вирустар бір клеткада көбейіп, екіншісіне оларды қосатын плазмодесма арқылы өтіп, өсімдікке түгел немесе көпшілік бөлігіне таралады. Күніне 1 мм-дей жылжиды, бірақ па- ренхима арқылы өте алмайды. Вирустар флоэма, торлы түтік ар- қылы тез таралып, көбінесе 3-5 күнде залалданған жапырақтан шығып, əрі қарай флоэма арқылы өсімдіктің мүшелеріне жылжиды, мысалы, картоп вирусы жас өсімдіктің жапырағына енсе, əрі қарай флоэма арқылы сабақ бойымен жоғары жылжиды.
Егер залалданған өсімдік түйнек құра бастаса, вирус жоғары емес төмен қарай жылжып түйнекке барады. Флоэмаға түскен вирус өсімдік клеткаларының бəріне тарайды. Вирустың өсімдікте таралуы вирус пен өсімдікке байланысты. Кейбір жағдайда вирус залалдаған жерден қашыққа ұзамай, сол жерде ғана белгі береді, ал кейде залалданған аймақ ұлғайып, вирустың ары қарай тарауын көрсетеді.
Флоэма түтіктерімен таралатын вирустар осы флоэмамен көр- шілес клеткаларда ғана тарайды (дəнді дақылдардың ергежейлі са- ры ауруы, картоп жапырағының солуы).
Мозаика қоздыратын вирустар кең тарайды. Бір клеткада 100000- 1000000 дейін вирус бөліктері болады. Түтіктермен тарайтын вирустар барлығы тірі клеткаға жетеді, бірақ кейде ұлпалардың кейбір бөліктері бос болады. Кейбір вирустар өсімдіктің жоғарғы меристема ұлпасын ғана залалдап, сабақ пен тамырлардың өсу зоналары вирустан бос болады.
Достарыңызбен бөлісу: |