Сұңғыла (Orobanche)
Қазіргі кезде 120-ға жуық сұңғыла түрі белгілі (56-сурет). Олар- дың көптеген түрі біздің Республикада кездесіп, 5 мəдени өсімдік- тің паразиті болып саналады.
Сұңғыла əртүрлі өсімдіктерді залалдайды. Сұңғыланың бір тү- рі əртүрлі өсімдіктерді залалдауы мүмкін. Эволюциялық үдерісте бұл өсімдіктің тамыры қысқа сорғышқа айналған. Сорғыштары өсімдік тамырына тіркеліп, өсімдіктен су жəне қоректік заттарды сорып алады. Сұңғыла жапырақтарының хлорофилы жойылып, майдаланып, түсі сарғыш қоңырлау, ашық күлгін түсті қабыршыққа айналған. Сабағы сарғыш, ашық қоңыр, қызғылт, көкшіл түсті, етті, тік өседі, аяқ жағы жуандау. Кейде 50 см биіктікке өсіп, бұтақта- нып, 200-ге дейін гүл өркенін береді.
Сұңғыла сабағы мен бұтағының қуысында əдемі түсі ақ, сары сəл күлгін масақ тəрізді жиналған гүлдері түзіледі. Олар фитомиза, маса арқылы кейде өздігінен тозаңданады.
Достарыңызбен бөлісу: |