Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет93/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya


терияға ұқсастығын көрсетеді. Ал вирусқа ол дене көлемінің ұсақ- тығы (диаметрі 0,1-1 мкм) жəне аурудың сыртқы белгілерімен ұқсайды. Бактерияға қарағанда микоплазмалар пенициллинге шы- дамды, ал тетрациклинге сезімтал келіп, вирустардай тұрақты бол- майды.
Осы кезде өсімдік микоплазмаларының 50 жуық түрі белгілі. Өсімдіктің сарғыштануы бұрын вирус ауруларына тəн белгі бол- ған. Ал қазіргі кезде өсімдіктегі сарғыштану ауруларын микоплаз- малар қоздыратыны анықталды. Мысалы, астраның сарғаю ауруы, күріштің сары ергежейлі ауруы, алқа тұқымдастарының столбуры, қарақаттың түктілік (реверсия) ауруы, тұт жапырағының ұсақта- нуы, тұт, алма жемістерінің майдалануы, жүгерінің ергежейлі бо- лып өспей қалуы тағы басқалар.
Фитопатогенді микоплазмалар өте зиянды. Залалданған өсімдік өнімі төмендеп немесе тіпті өнім бермейді. Өсімдіктің өсіп дамуы кешігіп, бойы аласа (ергежейлі) болып қалады. Кейбір микоплаз- малар генеративтік мүшелердің өзгеруіне себеп болады: гүлдері көкшіл-күлгін (қызанақ столбуры), жеке мүшелер жапырақ тəрізді болуы (беденің филлодиясы, қарақат реверсиясы). Кейбір аурулар тек қана микоплазмаларға тəн болады: картоптың түптенуі, ерге- жейлілік, «мыстан сыпырғышы».

Кейде микоплазма ауруларының беретін белгілері вирус ауру- ларына ұқсайды: деформациялар, солу, некроз тағы басқалары (53-сурет).
Микоплазмалар өсімдік бойында флоэма түтікшелер арқылы тарайды. Негізінде микоплазмалар кең шеңбердегі өсімдіктердің көп түрлерін залалдайды, бірақ олардың арасында тек қана белгілі бір өсімдікті залалдайтыны да бар (қарақат реверсиясының қоз- дырғышы).
Микоплазмалар тесіп сорғыш насекомдар: цикадалар, трипстер, жапырақ бітелері арқылы таралады. Кейбір микоплазмалар тасы- малдаушы насекомдардың денесінде көбейіп олардың ішегінен сі- лекейіне жылжып, сол арқылы өсімдікке көшеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет