58-сурет. Бидайдың
қатты қара күйесі
кен телиоспоралар көктемде базидияға өніп, одан бүршіктенген 4-12 базидиоспоралар түзіледі. Соңғылар бір-бірімен қосылып, инфекциялық жіпшеге айналып, өскінді залалдайды. Жіпшумақ өсімдікте диффузды таралып өсу нүктесіне жетіп, өсімдіктің барлық мүшелеріне (жапырақ, сабақ, масақ) тарайды. Сырттай бұл үдеріс білінбейді. Өсімдіктің дəні түзіле бастағанда жіпшумақ қарқын- ды дамып дəнді бұзады. Жіпшумақ кейін қара спора массасына айналады.
Саңырауқұлақ споралары дəн бетінде, өсімдік қалдықтарында, топырақта қыстайды, бірақ топырақтағы споралар түрлі микроор- ганизм əсерінен ыдырап, ұзақ сақталмайды. Сондықтан да телио- споралар жаздық бидайдың артынша себілген күздікті залалдайды. Сонымен қатар тұқым себетін машиналар, қолданылған құралдар жəне т.б. инфекция қоры болуы мүмкін.
Телиоспоралардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай 6-130С темпе- ратура мен 40-60% ылғалдылық.
Аурудың белгісі дəннің сүттене бастаған кезеңінде білінеді. За- лалданған масақтар иілмей тік тұрады, қабығы мен мұртшалары тікірейіп, масақ жуандау болып көрінеді, түсі сұрғылт күлгін. Егер осындай дəнді жаншыса, одан сұрғылт иісті сұйық ағады. Ауру масақта дəн орнында қара спора массасына толған қалташықтар түзіледі.
|