Залалданған өсімдіктер аса түптеніп, көптеген сабақ (5-50 дана) түзеді. Кеселге шалдыққан өсімдіктердің биіктігі сауларынан 2-4 есе аласа болады. Залалданған масақтар тығыздау, сəл қысқалау, иректеліп орналасады. Үрпиген масақшалардағы тығыз, қатты, қара күйелі дəндері масақта терең орнығып, кейде жапырақ пішінді екі қосымшалары болады.
Бидайдың үнді қара күйесі.Ауру қоздырғышы – Neovossia indica Mund. саңырауқұлағы. Телиоспоралар сопақша немесе шар тəрізді, диаметрі 18-40 мкм, қабығы қара-қошқыл, қоңырлау, тор- лы, өскіні түссіз. Споралар тыныштық кезеңінен кейін 15-250С температурада жуан базидияға өніп, онда 32-128 ұзынша, сəл иіл- ген базидиоспоралар түзіледі. Кейде телиоспорадан ұзындығы 10- 200 мкм промицелий өніп, оның басында көптеген бір, екі клет- калы споридиялар түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу кезеңінде базидио- споралар жəне споридиялар залалдайды. Саңырауқұлақ жіпшума- ғы өсімдікте диффузды дамымайды. Инфекция қоры – залалданған тұқым жəне топырақ.
Кеселдің ерекшелігі – масақ түгел залалданбай, көбінесе масақ- шаның жырашығы немесе ұрық бөлігі залалданып, қара күйе телио- спора массасына айналады. Ауру өте қатты дамығанда масақша- ның қабықшалары ажырап, қара күйелі жағымсыз, шіріген балық иісті дəндер масақтан топыраққа түседі.
Арпаның тозаңды қара күйесі.Ауру қоз- дырғышы – Ustilago nuda Kell. et Swing. саңы- рауқұлағы (61-сурет). Телиоспоралары шар тə- різді немесе бұрышты, майда, қабығы тікенекті, түсі ашық қоңыр кейде сарғыш (зəйтүн), диа- метрі 4,5-6,5 мкм. Телиоспорадан өнген базидия- да базидиоспоралар түзілмей бірден жіпшумақ дамиды. Ауру 20-250С температура мен 60-80% ауа ылғалдылығында жақсы дамиды.
Кесел белгісі өсімдіктің сабақтану немесе гүлдеу кезеңінің басында білінеді. Залалданған масақ жапырақ қынабынан шыққанда мөлдір қа- бықшамен жабылған қара споралар массасы кө- рінеді. Соңынан қабық айырылып, споралар ша- шылып, аналық аузына түсіп, қысқа бизидияға