Бидай сабағының қара күйесі. Ауру қоздырғышы – Urocystis tritici Koern. саңырауқұлағы. Телиоспоралары топтасып түйін құ- рады. Түйіннің ортасында 1-5 жетілген, ал шет жағында 15-20 же-
тілмеген споралар тобы орналасады. Споралар пішіні шар тəрізді, диаметрі 7-10 мкм, жетілгендері – қоңыр, ал жетілмегендері ашық- сары түсті. Түзілген телиоспоралар бір айдан кейін өнеді. Олар бір клеткалы базидияға өніп, төбесінде 2-4 цилиндр тəрізді споралар түзіледі. Базидияспоралар базидиядан бөлінбестен инфекциялық жіпшеге өніп, бидай өскінін залалдайды. Телиоспоралар 18-240С температурада, 60% ылғалдылықта өніп, залалдану үдерісі өскін- нің бірінші жапырағы пайда болғанға дейін өтеді. Топырақта те- лиоспоралар бір жылдан аса, ал тұқымда 5 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Ауру қоры – спораланған тұқым жəне топырақ.
Өсімдіктің сабағы мен жапырақ қынабында ұзындығы 2 мил- лиметрден бірнеше сантиметрге дейін жолақты дөңестер пайда бо- лады. Сау ұлпаларға (тканьдерге) қарағанда олардың түсі ақшылдау болып, кейін қорғасын-сұр түске айналады. Эпидермис шытынап жарылғанда телиоспоралардың қара массасы көрінеді. Өсімдіктің өсуі саябырлап, масақ орнына залалданған ұлпа тобы пайда бо- лып, масақ қисаяды.
Ергежейлі қара күйе.Ауру қоздырғы- шы – Tilletia controversa Kuehn. саңырауқұла- ғы (60-сурет). Телиоспоралары шар тəрізді, қабығы торланған, сыртында түссіз шырыш- ты қабаты бар, диаметрі 19-28 мкм. Түсі қара-қоңыр, ал жиынтығы қарайып көрінеді. Телиоспоралар топырақта 2-9 жылға дейін сақталады. Саңырауқұлақ телиоспоралары жеткілікті жарық, ауа, жоғары ылғалдылық жəне төмен температурада (2-150С) топырақ- тың беткі қабатында өне бастап, бидай өскі- нін залалдайды. Сондықтан тұқым таяз се-
білген жағдайда өсімдік қатты залалданады.
Телиоспоралар тұқымда, өсімдік қалдықта- рында, топырақта, бидайық тамырларында сақталады.