Жүгерінің тозаңды қара күйесі. Ауру қоз- дырғышы – Sorosporium reilianum Mc.Alp. саңы- рауқұлағы (66-сурет). Телиоспоралар жиынтығы оңай ыдырайтын, сопақша, диаметрі 70-150 мкм түйіршік құрады. Пішіні шар, эллипс, кейде бұ-
Жүгерінің тозаңды рышты, диаметрі 9-16 мкм, түсі қара-қоңыр, ұсақ
қара күйесі
тікенекті споралар дəн бетінде жəне топырақта
сақталады. Топырақтағы телиоспоралар тіршілі- гін 8 жылға дейін жоймайды.
Залалдану үдерісі тұқымның өсіп-өну кезеңдерінде өтіп, кейде өсімдіктің 2-3 жапырағы түзілген мерзімге дейін жүреді. Телио- споралардан фрагмобазидия мен базидиоспоралар түзіліп, соңғы-
лары қосылып, өскінді залалдайтын диплоидты жіпшеге айна- лады. Жіпшумақ өсімдікте таралып, оның өсу нүктесіне жетіп, гүл шоғырын залалдайды. Жіпшумақ кейде өсу нүктесіне жетпеуі мүмкін, ол жағдайда жүгерінің собығы ауруға шалдығып, сұлтаны сау қалады. Споралар шамалы ылғалдылық пен 28-300С темпера- турада өне бастайды. Жоғарғы ылғалдылықта өсімдік ауруға шал- дықпайды.
Өсімдіктің шашағы мен собығы залалданып, қара спора мас- сасына айналады да қысқа, құрғақ, қатты қабықтармен қапталады. Жүгерінің əдетте сұлтаны қара күйе телиоспора массасына айна- лып, кейде басқа жеке гүлдері де залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, жапырақтары шамадан тыс үлкейіп өседі.
Жүгерінің көпіршік қара күйесі. Ауру қоздырғышы – Ustilago zeae Unger саңырауқұлағы (67-сурет). Те- лиоспоралары сары-қоңыр, шар тə- різді, беті сəл тікенекті, көлемі 7-11 х 6-10 мкм. Жетілген телиоспоралар су тамшысында базидия мен бази- диоспораларға өнеді. Базидиоспора- лар бүршіктеніп, көптеген споралар түзеді. Бұл споралардан өнген жіпше меристема ұлпаларына еніп, онда 20-
24 күннен кейін телиоспораға толы
бұлтық пайда болады. Вегетация кезе- ңінде саңырауқұлақ 3-4, кейде 5 ұрпақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: |