Сұлының тозаңды қара күйесі. Ауру қоздырғышы – Ustilago avenae Jens. саңырау- құлағы (63-сурет). Телиоспоралары шар тə- різді немесе сопақша, бұрыс пішінді, көлемі
5-9 х 4,5-9 мкм, түсі ашық-қоңыр, қабығының бір жағы ашық түсті, ұсақ тікенекті немесе те-
63-сурет. Сұлының тозаңды қара күйесі
гіс. Споралар тыныштық кезеңінен өтпей бірден 5-350С (қолайлы 250С) температура аралығында өнеді.
Саңырауқұлақтың екі формасы белгілі: тозаңды (телиоспо- ралар еркін таралады) жəне қатты (телиоспоралар алғаш бірігіп, соңынан ыдырайды). Телиоспоралар сұлының гүліне түсіп төрт клеткалы базидияға өнеді де, одан төрт базидиоспоралар түзіледі. Соңғы споралар бүршіктеніп көптеген споридияға айналады. Спо- ридиялар, кейде базидиоспоралар қосылып, инфекциялық жіпшеге өнеді. Ол дəннің қабығы арқылы перикарпийге енеді де геммаға ыдырап, себу мерзіміне дейін сақталады. Егінді жинаған кезде телиоспоралар қабық үстіне немесе астында орнығып қыстап шығады.
Көктемде өсімдік екі жолмен залалданады. Біріншісі – дəн бетіндегі немесе қабық астындағы телиоспоралар базидияға өніп, базидиоспоралар береді. Олар жіпшеге өніп, екі-екіден қосылып диплоидты жіпше түзеді. Бұл жіпше өскінді залалдайды. Ерте залалданған өскін көп зардап шегеді. Биіктігі 3 см жоғары өскіндер залалданбайды. Екіншісінде – дəн қабығы астында қыстап шық- қан геммалар инфекция қоры болып табылады. Себілген дəн өне бастағанда геммалар да өніп, жаңа жіпшумақ құрып, олар өскінді залалдайды. Екі жағдайда да жіпшумақ өсімдікте диффузды тара- лып, өсу нүктесіне жетеді де, шашақтану кезеңінде саңырауқұлақ қарқынды дамып, оны ыдыратып, қара спора массасына айнал-
дырады. Инфекция қоры – залалданған дəндегі геммалар мен тұқым қабығы астында жəне үстінде сақталатын телиоспоралар.
Аурудың белгісі сұлының шашағы бай- ланған кезеңде байқалады. Саңырауқұлақ залал- данған өсімдік шашағының гүл сағағынан басқа бөліктерін зəйтүн-қара түсті телиоспора масса- сына айналдырады. Шашақтың жоғарғы бөлігі кейде ауруға шалдықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |