түзілуі мүмкін. Вегетация соңында урединийлердің орнында те- лиоспораларымен телий бөртпелер пайда болады. Телиоспоралары ұзын сабақты, екі клеткалы, ұзынша шоқпар тəрізді, көлемі 25-78 х 10-24 мкм. Жоғарғы бөлігі сопақтау, кейде тегіс, жуандау, қабығы жылтыр, түсі сары-қоңыр немесе қоңыр.
Телиоспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде жеті- ліп 9-29°С температурада (қолайлы 18-22°С) жəне 95-100% ылғал- дылықта өнеді. Пісіп жетілген телиоспоралар ылғалды ортада 3-4 сағатта базидия мен базидиоспораларға айналады. Базидиоспора- лар бөріқарақат пен магонияны залалдайды. Олардың жапыра- ғында спермагоний мен эцийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақ көп- жылдық дəнді арам шөптердің тамырында урединий жіпшесі түрін- де қыстап, көктемде урединиоспоралар беруі мүмкін.
Өсімдіктің сабағында, жапырағында, оның қынабында, масақша қабыршағында, мұртшаларында сопақтау қоңыр татты бөртпелер пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: