69-сурет. Қоңыр тат
Вегетацияның соңында урединийлердің орнында телий бөрт- пелер түзіледі. Телиоспоралары ұзынша шоқпар тəрізді, төбесі тегіс, көлемі 30-42 х 14-17 мкм, төменгі клеткасы жоғарғысына қараған- да ұзындау жəне жіңішкелеу, сабағы мен пердесінің түсі қоңырлау, өнгіш саңлауы білінбейді.
Саңырауқұлақ жіпшелері залалданған күздік бидай жапырақ- тарында жəне жабайы өсімдіктерде қыстайды немесе споралары ауа ағыны арқылы өсімдікті залалдайды. Саңырауқұлақ жартылай циклмен дамып, эций кезеңі болмауы да мүмкін. Қоңыр тат ке- селімен бидай, арпа, қара бидай жəне астық тұқымдас жабайы өсімдіктер залалданады.
Бидайдың жапырағында, оның қынабында шашыраңқы орна- ласқан қоңыр бөртпелер пайда болып, кейін урединийлердің ор- нында жылтыр, қара телий бөртпелер түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |