75-сурет. Арпа жапырағының жолақты дағы Ауруға төзімді сорттардың өткізгіш түтіктеріне саңырауқұлақ ене алмайды, сондықтан ауру жергілікті болып, диффузды тарал- майды. Арпаның ауруға төзімді сорттарында саңырауқұлақ ұрыққа енбей, тұқымның қабығында қалады.
Саңырауқұлақ өсімдік қалдықтарында жіпшумақ кейде кони- дия түрінде сақталады. Қыстап шыққан жіпшумақта қалталар мен қалтаспоралары псевдотецийде түзіледі. Қалталы кезеңде бұл саңы- рауқұлақ Pyrenophora graminea Ito et Kur. деп аталады. Көпжыл- дық шөптермен аралас еккен арпа егістіктерінде саңырауқұлақтың қалталы кезеңі жиі дамиды.
Кесел өсімдіктің барлық вегетация кезеңінде кездеседі. Жапы- рақ бетінде алғаш ашық-сары, кейін ұзындау, ашық-қоңыр түсті, жіңішке қызыл жиекті дақтар пайда болып, үстінде зəйтүн-қоңыр өңез түзіледі. Өсімдіктің гүлдеу жəне дəн түзу кезеңдерінде ауру күшейіп, кеселге шалдыққан жапырақтар сарғайып, қурап талшық- танып, ыдырайды.
Септориоз. Ауру қоздырғышы – Septoria graminum Desm. саңырауқұлағы (76-сурет). Клетка аралығымен таралған жіпшу- мақта пикнидалар эпидермис астында түзіледі. Олардың пішіні шар тəрізді, сəл басылған, көтеріңкі саңлауы бар. Пикниоспоралар жіп тəрізді, тік немесе сəл иілген, 2-3 перделі. Олар жаңбыр там- шысымен немесе ауа толқынымен таралып, су тамшысы мен 9-28°С температурада өнеді. Жаңбыр жиі жауған кезде ауру жақсы дами- ды. Инкубациялық кезеңі – 6-9 күн. Пикнидалар өсімдік қалдық- тарында сақталады.