Қара бактериоз (қара қауыздылық). Ауру қоздырғышы – Xanthomonas campestris pv translucens бактериясы. Қоздырғыштың дамуына қолайлы жағдай 20-30°С температура мен 30-60% ауа ылғалдылығы. Бактериялар егістікте жаңбыр тамшысы, насекомдар жəне жел арқылы таралады. Қоздырғыш дəн ішіне жарақат арқы- лы еніп, 3 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Ауру қоры – өсімдік қалдықтары.
Ауру белгісі масақша қауызы мен қылтанағының жоғарғы бө- лігінде қарайып білінеді. Ауру қатты дамығанда масақ түсі өзгеріп қараяды, сондықтан оны «қара қауыздылық» деп атайды.
Ауру өсімдіктердің өсуі саябырлап, дəндері семіп, қыртыстана- ды. Кейде жапырақ бетінде бактерия экссудатының (шырыш) қат- қан, сары түсті қабыршағы байқалады. Залалданған сабақ буыны- ның төменгі бөлігінде қоңыр немесе қара жолақтар пайда болып, сабақтың масаққа дейінгі аралығы қоңырланады.
Залалданған арпа жапырақтарында алғаш майлы, кейін ашық- қоңыр түсті ұзынша дақтар пайда болып, бактерия экссудатынан түзілген ақшыл қабыршақпен жабылады. Залалданған жапырақтар кеуіп, қурайды. Сабақ пен масақта қара-қоңыр сызықшалар, ал дəн бетінде майда қоңыр немесе қара дақтар пайда болады.