Собықтың ақ жарығы (жұқпайтын ауру). Сүттену кезеңінің соңы мен балауызданып қата бастаған дəндерде жарық пайда бо- лып, ішкі бөлігі – эндоспермі көрінеді. Кейде сыртқы көрінісі бүтін болғанымен, тұқым қабықшасының жарылғанын байқауға болады.
Жүгерінің дəн түзу кезеңінде ылғалдың бірқалыпты берілмеуі
– аурудың негізгі себебі болып табылады. Сондықтан жоғары аг- ротехниканы сақтап, уақытылы суару қажет.
Саңырауқұлақ аурулары
Фузариоз. Ауру қоздырғышы – Fusarium Link туысының са- ңырауқұлақтары. Паразиттің микроконидиялары түссіз, жұмыртқа тəрізді, бір немесе екі клеткалы, тез ыдырайтын тізбек құрады.
Макроконидиялары түссіз, біз немесе орақ тəрізді, ұштарына қа- рай жіңішкереді. Жіпшумақта кейде түсі қара, пішіні домалақ скле- роцийлар түзіледі.
Егістікте өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың перитеций- лері пайда болады. Олардың қалталары цилиндр тəрізді, қалта- споралары ұзынша, екі клеткалы.
Собықтың жеке бөліктерінде жеңіл немесе тығыздалған қыз- ғылт өңез түзіледі. Дəндердің түсі қоңырқай тартып, егін жинаған кезде оңай үгітіледі.
Ауру қоры – өсімдік қалдықтары, əсіресе собық орауыштарын- дағы жіпшумақ жəне склероцийлар. Залалданған дəндердің өну қабілеті жойылады.
Аурудың қоздырғышы жүгерінің балауыздануынан бастап өсу кезеңінің соңына дейін егістікті залалдайды да қоймада үдеріс дамиды.
Сұр шірік. Ауру қоздырғышы – Botrytis cinerea Fr. саңырау- құлағы. Жіпшумағы түссіз немесе зəйтүн-сұр түсті, конидия тасу- шылары қалың қабықты, тармақталған, ұшында қысқа, тісті өс- кіндері бар. Осы өскіндерде топталған, пішіні домалақ, түссіз, жиынтығы көкшіл-сұр конидиялар түзіліп, алғаш ақшыл-сұр, кейін қара склероцийлар пайда болады.
Инфекция қоры – өсімдік қалдықтарындағы склероцийлар мен конидиялар. Мол ауа жəне топырақ ылғалы аурудың қарқынды дамуына əсерін тигізеді.
Кесел белгісі собықтағы дəндер аралығымен таралған тығыз, сұр өңез түрінде білінеді.
Зең. Зең ауруын əртүрлі саңырауқұлақтар қоздырады.
Ауру қоздырғышы – Penicillium Link саңырауқұлағы. Ұшы ша- шақталған конидия тасушыларда шар немесе эллипс тəрізді, тегіс, түссіз немесе боялған конидиялар тізбектеліп дəн бетінде тығыз, түсі ақ, жасыл, сары, қызғылт үлпек түзеді.
Ауру қоздырғышы – Aspergillus Micheli саңырауқұлағы. Ко- нидия тасушылары шоқпар, цилиндр, алмұрт тəрізді, төбесіндегі туынды тармақтар шар құрып орналасқан. Конидиялары шар, эл- липс тəрізді, қоңырлау немесе түссіз, тізбектеліп орналасады.
Ауру қоздырғышы – Cladosporium Link саңырауқұлағы. Собық- та түрлі-түсті өңез түзіледі. Дəн бетіндегі үлпек жасылдау немесе зəйтүн-қара түсті болады. Конидия тасушылары қарапайым, сəл
тармақталған қоңыр немесе зəйтүн түсті. Конидиялары бір клет- калы, сопақтау немесе цилиндр тəрізді, қоңырлау немесе зəйтүн түсті, 1-4 перделі.
Жоғарыда аталған саңырауқұлақтар жүгеріні қоймада залал- дап, тұқымның сақталуы мен өнгіштігін төмендетеді. Сондықтан собықты қысқа мерзімде орауыш жапырақтарынан тазартып, қой- мада дұрыс сақтауды ұйымдастыру қажет. Паразиттер негізінен жарық дəндерде кездесіп, олардың токсиндері ұрықпен өскіндерді уландырып, тұқымның көктеу энергиясын кемітеді.
Жүгеріні жинау жəне қоймада сақтау кезеңдеріндегі жоғары ылғалдылық аурудың дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Нигроспороз. Ауру қоздырғышы – Nigro- spora oryzae Petch. саңырауқұлағы (77-сурет). Сұрғылт жеңіл жіпшумақ дəн қатарымен тарала- ды.