жəне өскіндері залалданады. Сабақтың төменгі буынаралықта- рында ауру пайда болып, сынады. Залалданған бөліктер қоңыр- ланып, пикнидалармен жабылады. Собықтың төменгі бөлігінен бас- талған ақ өңез оның орауышына түгел таралады. Қатты залалдан- ған собықтар қыртыстанып жетілмейді.
Пысықтау сұрақтары Собықтың ақ жарығы жүгерінің қандай даму кезеңінде білінеді? Аурудың шығусебебі.
Фузариоз қоздырғышы жүгерінің қандай мүшесін залалдайды? Ауру белгісінің білінуі. Инфекция қоры қайда, не түріндесақталады?
Сұр шірік қоздырғышымен жүгерінің залалданатын мүшесі. Ауру белгісінің білінуі. Ауру қоры қайда, не түрінде сақталады?
Зең ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар тобы жүгерінің қандай мүшесін залалдайды? Ауру белгісі қалайбілінеді?
Нигроспороз қоздырғышы жүгерінің қандай даму кезеңінде залал- дайды. Өсімдіктің ауруға шалдығатын мүшесі. Ауру белгісінің білінуі жəне инфекция қорыныңсақталуы.
Диплодиоз қоздырғышының дамуына қолайлы жағдай. Қоздыр- ғыш жүгеріні қандай даму кезеңінде залалдайды? Өсімдіктің қандай мү- шелері ауруға шалдығады? Ауру белгісі қалай білінеді? Инфекция қоры қайдасақталады?