Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Сары немесе шырышты бактериоз



бет134/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Сары немесе шырышты бактериоз. Ауру қоздырғышы – Corinebacterium michiganense pv. tritici Dey et Kemp бактериясы. Инфекция қоры – залалданған тұқым жəне бидай нематодасы.
Өсімдік жапырағын бойлаған ақ немесе сары түсті жолақтар үзіліп, кейін жапырақтар ширатылып, шырыштанады. Ауру өсім- діктің сабақтары иіліп, өсуі саябырлайды. Масақтар көбінесе жа- пырақ қынабынан шықпай тығыздалып, шырыштанады.
Арпаның жолақты бактериозы. Ауру қоздырғышы – Xantho- monas translucens f. sp. hordei Нagb. бактериясы. Қоздырғышпен тек арпа залалданады. Ауру тұқымнан өнген өскінде бастапқы за- лалдану жүреді де, вегетация кезеңінде өсімдіктің жапырақтары мен масақтары туынды инфекциямен залалданады. Инкубациялық кезеңі 9 күн. Инфекция қоры – шірімеген өсімдік қалдықтары мен тұқым.
Арпа жапырақтарында ұзынша, жіңішке (ені 1-2 мм), қошқыл- жасыл дақтар пайда болып, кейін ашық-қоңыр түске айналады. Қат-
ты залалданған жапырақтар қурап, жансызданған ұлпадан бөлінген экссудат ақшыл қабыршақ болып кебеді. Аурудың сыртқы белгілері гельминтоспориозға ұқсас, бірақ түсі ақшылдау болып дақтардан шырыш бөлінеді. Кеселдің алғашқы белгісі өскінде білінеді де, ке- йін жапырақ пен оның қынабына көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет