Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет136/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Вирусты аурулар







79-сурет.
Қуыршақтану
Дəнді дақылдардың қуыршақтануы. Ау- ру қоздырғышы – Avena virus I Suchov et Vovk вирусы (79-сурет). Бұл кесел вирус жəне ми- коплазма инфекцияларынан пайда болады. Инфекцияны қоңыр цикадалар тасымалдай- ды. Цикада денесіндегі инкубациялық кезең – 6-16 күн. Инфекция қоры – цикада денесінде жəне арам шөп тамырында сақталған вирус- тар. Тұқым мен өсімдік шырыны арқылы ауру таралмайды. Бұл қоздырғышпен сұлы, арпа, тары, жүгері, күріш, бидай, арпабас жəне т.б. залалданады.
Аурудың белгісі алғаш жапырақтарда,

оның қынаптарында ашық-жасыл сызықтар мен дақтар түрінде білінеді. Өсімдік (əсіресе сұлы) аса түптеніп, 40-60 сабақ түзіліп, бойы ергежейленіп, жапырақтары қызарыңқы болып, кейін қо- ңырланып, қатаяды. Шашақтары түзілмейді, егер түзілсе жапырақ қынабынан түгел шықпайды.
Масақша қабыршағы кейде өзгеріп, пішіні жапырақ тəрізденіп, масақ гүлдерінің саны көбейіп, жасыл түсті ұзын түйіндер масақ- ша қабыршағынан шығып тұрады. Кесел жеңіл түрде өтсе, өсімдік- тің өсуі саябырлап, жапырақтарының түсі мозаикаланып, масақтың кейбір бөлігінде дəн түзілмейді.
Күздік бидайдың мозаикасы. Ауру қоздырғы- шы – Triticum virus 8 Zachurilo et Sitnikova вирусы (80-сурет). Қоздырғыш өсімдіктерге жолақты неме- се алты нүктелі цикадалар арқылы таралады. Өсімдік шырыны, механикалық жаралар жəне т.б. жолдармен ауру жұқпайды. Насеком денесінде вирус 15-60 күн инкубациялық кезеңнен өтіп, сау өсімдіктерді залал- дайды.
Вирус күздік бидай егістігінде түскен дəндерден өнген өсімдіктерде, сондай-ақ тасымалдаушы насе- комдарда (жұмыртқа жəне имаго кезеңдері) қыстай- ды. Қоздырғыштың бұл түрі бидайдан басқа арпаны,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет