Бұршақ тұқымдас дақылдардың аурулары Дəнді бұршақ дақылдарының аурулары
Саңырауқұлақ аурулары
Пероноспороз. Аурудың қоздырғыштары – Peronospora туысы- ның саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген өсімдіктерін ғана залалдайды. Мысалы, майбұршаққа – P.manshu- rica Sydow, асбұршаққа – P. pisi Sydow, түрлері бейімделген.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ал ооспоралары залалданған ұлпа ішінде түзіледі. Конидия тасушы- лары дихотомиялы бұтақталған, қоңыр-күлгін түсті, конидиялары домалақ немесе сопақша, сарғыш кейде түссіз, көлемі 17-30 х 14- 27 мкм. Ооспоралары домалақ шар тəрізді, қос қабатты, сарғыш-
қоңыр түсті. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай 15-260С температура жəне жоғары ауа ылғалының су тамшысы. Инфекция қоры – өсімдік қалдықтарында қыстайтын ооспоралар.
Ауруға негізінде өсімдіктің жапырағы, кейде басқа жер үсті бөліктері шалдығады. Кесел жергілікті жəне диффузды болуы мүмкін.
Залалданған жапырақтың үстіңгі бетінде дөңгелек, ашық-жа- сыл, сарғыш жайылған дақтар пайда болады. Дақтардың астыңғы жағында күлгін-сұр түсті өңез түзіледі. Дақ кейін қоңырланып, ұлпасы жансызданады.
Сабақ пен бұршаққабында дақтар жайылған, хлорозды, күлгін- сұр конидия тасушылардан тұратын өңез пайда болады. Залалданған жас өсімдіктер нашар дамып, буынаралықтары қысқарып, жапы- рақтары майдаланып, дəндері жетілмей семіп, бойы өспейді. Са- ңырауқұлақ клетка аралығымен таралған жағдайда аталған белгі- лер байқалады.