Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет141/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Ақ шірік – склеротиниоз. Ауру қоздырғышы – Sclerotinia scle-
rotiorum dBy. саңырауқұлағы. Қоздырғыш кең шеңберлі факуль- тативті паразит асбұршақ, үрмебұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, күнбағыс жəне т.б. көптеген өсімдіктерге бейімделген.
Паразиттің даму циклында конидиялы кезең болмайды, сон- дықтан өсімдіктің залалдануы жел жəне насекомдармен таралған саңырауқұлақ үзіндісі (бөлігі) арқылы немесе склероцийлардан түзілген жеміс денеде пайда болатын қалтаспоралармен өтеді.
Саңырауқұлақ склероций түрінде өсімдік қалдығында топы- рақта, тұқым арасында қыстап, тыныштық кезеңнен кейін ауа райы жаңбырлы немесе топырақ ылғалы жоғары жылдары 15-18°С тем- пературада өніп, жетілген қалтаспоралар өсімдікті залалдайды.
Склероцийлар топырақтың 1-3 см деңгейінде үш жылға дейін сақталып, 6 см тереңдікте 10-12 ай мерзімінде тіршілігін жояды.
Ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы жəне бұршағы шалдығып сулы шірік дамиды. Кеселдің белгісі залалданған ұлпаның жұмса- рып, түсінің қоңырқайлануымен білінеді де, өңезбен жабылады.
Сабақ залалданғанда оның ішкі сыртқы бөліктерінде мақта тəрізді мол өңез түзіліп, кейін жіпшумақта ірі, көлемі бұршақтай склероцийлар пайда болады. Ауруға шалдыққан бөліктен сабақ сынып, өсімдік құрайды.
Антракноз. Ауру қоздырғышы – Colletotrichum lindemuthianum Br. et Cav. саңырақұлағы (83-сурет). Жіпшумағы жергілікті, түссіз. Конидиялар төсеніште (ложе) түзіледі. Конидия тасушылары түс- сіз, сəл боялған, цилиндр тəрізді, тармақталмаған. Конидиялары тік немесе сəл иілген, ұзынша цилиндр пішінді шеттері доғалданып келеді, көлемі 10,5-23 х 3,5-6,5 мкм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет