Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет140/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

82-сурет. Аскохитоз

Бозғылт аскохитоздың А. pisi Lib. саңырауқұлағы. Залалданған мүшелерде қоңыр жиекті бозғылт дақтар пайда болады. Жапырақ пен бұршаққапта дақ дөңгелек, ал сабақ пен сағақта ұзынша болып келеді. Дақтар кейде көмескілеу көрінеді, бірақ екі жағдайда да дақ үстінде көптеген майда қара-қоңыр пикнидалар түзіледі.


Залалданған тұқымдардың беткі қабаты қыртыстанып, ашық- сары түсті дақтар жайылып орналасады. Саңырауқұлақтың бұл түрі басқа дəнді бұршақтарға қарағанда асбұршақты жиі залалдап, аурудың дамуы жоғары дəрежеде өтеді.
Қоңыр аскохитоздың қоздырғышы – A. pinodes Jones саңы- рауқұлағы. Өсімдіктің жапырағы, сабағы, бұршаққабы залалданып, оларда дөңгелек немесе бұрыс пішінді, шектелген, түсі қара-қоңыр, ортасы қаралау, диаметрі 0,5-8 мм дақтар түзіледі. Пикнидалар кө- лемі үлкен дақтарда ғана пайда болады. Залалданған сабақта ойық жаралар болуы мүмкін. Кеселденген жас өскін қарайып, оның тамыр мойны шіриді. Ауруға шалдыққан тұқымда қоңыр дақтар түзіледі. Саңырауқұлақтың жынысты споралары да болуы мүмкін, олар со- лып қурай бастаған өсімдік бөліктерінде пайда болған майда, түс қара-қоңыр псевдотецийлер ішіндегі қалталарда түзіледі.
Тұтасқан аскохитоздың асбұршақтағы қоздырғышы – A. pisi- cola Sacc. саңырауқұлағы. Жапырақ пен сабақтарда дөңгелек, ашық
түсті, қоңыр жиекті майда дақтар бір-бірімен қосылып тұтас үлкен дақ түзеді. Дақ ортасында ірі, қара пикнидалар орналасады.
Майбұршақ аскохитозының қоздырғышы – A. sojaecola Abra- mov саңырауқұлағы. Өсімдікті барлық өсу кезеңінде залалдайды. Өскіннің тұқым жарнағында қара жиекпен шектелген қара-қоңыр дақ пайда болады. Жапырақтағы дақтар ірі (1 см дейін), дөңгелек, түсі ақшыл-сұр, қоңыр жиекті, кейде созылыңқы келеді де жүйке аралығында орналасады. Дақтар үгітіліп, түсіп, тек жиегі қалуы мүмкін. Пикнидалар жапырақтың үстіңгі бетінде шеңберлі орна- ласады. Залалданған өсімдіктің жас сабақтарының беткі ұлпалары ұзынша тілімдерге ыдырап, ал сүректелген сабақтарда қара, ұзын- ша, созылыңқы көптеген пикнидалар бар дақтар пайда болады.
Сиыржоңышқа аскохитозының қоздырғыштары – A. viciae Lib. жəне A. punctata N. Naumov саңырауқұлақтары. Қоздырғыштар өсімдіктің жапырағын, сабағын, бұршаққабын залалдайды. A. pun- ctata саңырауқұлағы залалдаған мүшеде көмескі тұтасқан дақтар үстінде шеңберлі орналасқан басылыңқы қара пикнидалар, ал A. viciae – майда, дөңгелек, түсі қызылдау, жиегі қоңыр-қызыл дақтар түзеді. Ақшыл дақ ортасында пикнидалар орналасады.
Бөрібұршақ аскохитозының қоздырғышы – A. lupinicola Pet. саңырауқұлағы. Өсімдік жапырағында қызыл-қоңыр, сəл дөңес, жиекті дақ пайда болады. Жапырақ жиегінде орналасқан дақтарда көбінесе дара пикнидалар түзіледі.
Мал азықтық бұршақтың аскохитозын A. fabae Speg. саңы- рауқұлағы қоздырады. Өсімдік жапырағында, сабағында, жемісінде дөңгелек немесе созылыңқы қоңыр дақтар пайда болады. Дақ ор- тасы ашық, шеті қоңыр-қызыл жиекті, бетінде көптеген пикнида- лар түзіледі.
Аскохитоз ауруы мол жаңбырлы ауа райы жəне 20-250С тем- пературада қарқынды дамып, жетілген пикноспоралар жауын тамшысымен, желмен сау өсімдіктерге тарайды. Пикноспоралар төмен температурада (4°С) өнеді. Қолайлы жағдайда саңырау- құлақтың инкубациялық кезеңі 4-8, кейбіреулерінікі – 2-4 күн. Жоғары температурада (35°С) қоздырғыштың дамуы тоқталады. Инфекция қоры тұқым мен өсімдік қалдықтарында жіпшумақ, пикнида, псевдотеций, хламидоспора түрінде қыстайды. Соңғысы топырақта 3-4 жылға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет