81-сурет.
Ақ ұнтақ
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Erysiphe communis Grev. саңырауқұлағы (81-сурет). Дəн- дібұршақ дақылдарының барлығы залалданады. Асбұршақта – E. pisi Dietrich, майбұршақта –
glycine Jacz., т.б. саңырауқұлақ жіпшумағы залалданған мүшеде экзогенді орналасып, субс- тратқа аппрессорийлармен тіркеліп, клетка ішіне гаусторийлары енеді.
Конидия тасушылары бір клеткалы, сəл со- зылыңқы, конидиялары түссіз, эллипс тəрізді, кө- лемі 23-44 х 17-18 мкм. Жіпшумақ бетінде кейін тармақтары қарапайым, шар тəрізді, түсі қара
клейстотецийлар түзіледі. Клейстотеций ішіндегі қалталардың əр- қайсысында 4-8 бір клеткалы, түссіз споралар болады. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ауа температу- расы 20°С жəне 100% ылғалдылықта өне бастайды. Инкубациялық кезеңі 4-5 күн. Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде өсімдіктің бастапқы залалдануы аскоспоралармен жүреді. Ауруға шалдыққан мүшелерде алғаш ақ, торлы, кейін сұрғылт,
тығыз ұнтақты өңез пайда болады.
Аскохитоз. Ауру қоздырғышы – Ascochyta саңырауқұлағының түрлері (82-сурет). Дəнді бұршақ дақылдарын барлық даму кезе-
ңінде залалдайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің жер үсті мүше- лерінде түрлі дақтар пайда болып, олардың бетінде пикнидалар түзіледі. Арудың сыртқы белгілері өсімдік пен қоздырғыш түрлері- не байланысты білінеді. Асбұршақ аскохитозының бозғылт, қоңыр жəне тұтасқан түрлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |