Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет135/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Жүгері бактериозы. Ауру қоздырғышы – Erwinia stewartii Dye бактериясы. Қоздырғыш өсімдікке табиғи саңлаулар немесе жара- қаттар арқылы енеді. Инкубациялық кезеңі жоғары температура (300С) мен ылғалдылықта 4-6 күнге созылады. Инфекция қоры – залалданған тұқым мен шіріп үлгермеген өсімдік қалдықтары.
Бактерия жүгерінің түтікті солуын қоздырады. Жас өсімдіктің жапырақтарында алғаш түсі ашық-жасыл, кейін сарғайған сызық- ша дақтар пайда болып, кебе келе бір-бірімен қосылып ұлғаяды.
Кесел түтік арқылы сабаққа жəне жоғарғы жапырақтарға тара- лып, залалданған бөліктерден экссудат бөлінеді. Қатты залалданған өсімдіктер жеткілікті ылғалдылықта да қурайды. Ауырған өсімдіктер ергежейлі болып, мезгілінен бұрын ақ шашақ шығарып, собықта- ры түзілмейді немесе түзілген собық дəндерінің жас бөлігі, кейде барлығы залалданады. Орауыш жапырақтарының ішкі жағынан бө- лінген экссудат дəндерді залалдайды.
Сонымен қатар бактерия өсімдік түтіктерін тығындап, тамыр арқылы келетін қоректік заттар мен су жоғарғы бөліктерге жетпей өсімдік солады. Бактериялар түтіктерді ыдыратып, жақын ұлпалар- ға еніп залалдап, кейде ойық жаралар түзеді.
Жүгері собығының бактериозы. Ауру қоздырғышы – Bacil- lus mesentericus v.vulgatus Flugge бактериясы. Кеселді астық қан- даласы таратады, себебі бактерия негізінен аталған организмде тіршілік етеді. Жүгерінің гүлдеу, дəн түзілу кезеңдеріндегі ыссы ауа райында өсімдікке мол су беру себебінен орауыш жапырақтар собықтың жоғарғы бөлігін түгел қамтымай, дəндердің ашық қалуы жəне бактериямен залалданған астық қандаласының көп болуы ау- рудың дамуына жағдай туғызады.
Дəннің төбесінде ақшыл сұр, сəл басылған дақтар пайда бо- лады. Дақтар кейін қыртыстанып немесе ойық жараға айналып дəн төбесін түгел алады. Орауыш жапырақтарымен толық жабылмаған собықтың жоғары бөлігіндегі дəндер жиі залалданады. Собықта 30-40 дана балауыз дəн залалданып, ал қатайғандары ауруға шал- дықпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет