Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет131/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

77-сурет.
Нигроспороз
Бұрыс бұтақталған, қарапайым конидия тасушылардың жоғарғы бөлігінің сəл ісінген ұшында жеке-жеке түзілген конидиялардың түсі алғаш түссіз болып, кейін қараяды. Конидия пішіні шар немесе эллипс тəрізді, қабығы қалың, диаметрі 12-15 мкм. Тыныштық кезеңінен өт- кен конидиялар өне бастайды. Бұл саңырауқұлақ өте əлсіреген немесе жансызданған өсімдіктерді залалдайды.
Бірқалыпты температура (20-25°С), жеткі-

лікті ылғалдылық, төменгі агротехника, өсімдіктің механикалық зақымдалуы, егінді кеш егіп, кеш жинау жəне т.б. кеселдің дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Қоймада бұл ауру əрі дамымайды. Инфекция қоры – ауру собық- тар мен оның орауыштары, өзегі, жапырақ қынабы жəне т.б.
Бұл ауру дəннің балауызданып пісе бастаған кезінде білініп собықтар, бүршіктер, кейде жапырақ қынабы, сабақ залалданады. Кесел собық өзегінің негізінен басталып, талшықтанып, ыдырап, қарайып, дəндер күңгірттенеді. Ауру қатты дамығанда собық өзегі ыдырап, талданады да дəндері сұрланып, жетілмей ұяшығында бос орналасады. Өзекке тіркелген жерінде дəндер саңырауқұлақ спораларынан тұратын қара-көк түсті тозаңды ұнтақпен жабыла- ды. Залалданған сабақтар көгеріп немесе сұрланып, талшықтанып,

эпидермис жарылып, астынан спора жиынтығынан құралған күйе- лі өңез көрінеді.
Диплодиоз. Ауру қоздырғышы – Diplodia zeae Lev. саңырауқұлағы (78-сурет). Домалақ немесе сəл басылған, қара-сұр түсті, диаметрі 350-500 мкм пикнидалар тығыз жіпшумақта немесе залалданған ұлпада түзіледі. Пикноспоралары сопақтау, тік не- месе сəл иілген 1-2 перделі, көлемі 13-33 х 3-7 мкм. Аурудың дамуына қолайлы жағдай 28-300С тем- пература жəне жоғары ауа ылғалдылығы, əсіресе жауын-шашын. Инфекция қоры – пикнидалар қыс-
тайтын өсімдік қалдықтары, тұқым, топырақ.

Кесел өсімдік гүлдеген соң сүттену, балауыз- дану кезеңдерінде білінеді. Аурумен жүгерінің со- бығы, дəндері, сабағы, жапырақтары, тамырлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет