Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет128/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Күріштің пирикуляриозы. Ауру қоздырғышы – Piricularia oryzae Br. et Cav. Қоңыр түсті конидия тасушылар леп саңлауынан шығып, жапырақтың астыңғы бетінде өңез түзеді. Пішіні цилиндр тəрізді 2-4 данадан топтасқан конидия тасушылардың төменгі бөлігі кеңейеді де, төбесінде тісті өскіндері болады. Конидиялары түссіз, алмұрт тəрізді, 1-3 перделі, көлемі 20-22 х 10-12 мкм. Саңырауқұлақ конидиялармен тарайды.
Азот тыңайтқышының көп мүшелері, топырақ ылғалының жетіспеуі, ыссы жəне суық ауа райының күрт алмасуы кеселдің дамуына ықпалын тигізеді. Қоздырғыш 15-350С температура мен 80% ауа ылғалдығында жақсы дамиды.
Саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдік қалдықтарында, тұқымда қыстап, келесі жылы ауру таратады. Бұл кеселге күріштен басқа тары, бидай, арпабас, атқонақ жəне т.б. астық тұқымдас өсімдіктер шалдығады. Аталған өсімдіктер аурудың қоры болып табылады.
Ауру қоздырғышы өсімдіктің жер үсті бөліктерін барлық ве- гетация кезеңдерінде залалдайды. Жапырақ бетінде ұзынша, ақшыл- сұр, жиегі қара-қоңыр дақтар пайда болып, оның астыңғы бетін- де дақ тұсында сұр өңез түзіледі. Сабақтағы дақтар ұзынша, түсі қоңырлау, буындары қарайып, тарамдалып, ыдырап, осы бөліктен сынады. Кейде сабақтың жоғарғы бөлігінде түзілген шашақ басы залалданып, түсі қоңырланып, шіриді. Залалданған барлық шашақ
немесе жеке масақшалар дəн салмайды. Ауру қатты дамығанда шашақ соңғы жапырақ қынабынан шықпай, өсімдік от шалғандай болып көрінеді.
Тамыр шірігі. Тамыр шірігінің қоздырғыштары түрлі туыстар- ға жататын саңырауқұлақтар – Bipolaris (син. Helminthosporium), Fusarium, Ophiobolius, Cercosporella жəне т.б. Қазақстанда та- мыр шірігінің негізгі қоздырғышы Bipolaris sorokiniana Sacc. са- ңырауқұлағы. Залалданған өскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар өсімдік тамырлары мен жер асты буынаралықтары залалданады. Дақтар өсе келе сабақты орап, ұл- палары шіріп, залалданған бөліктен иіліп сынады. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралықта бойлаған қоңыр дақтар пайда болады. Саңырауқұлақ 20-270С температура мен ылғалды ортада жақсы дамиды. Инфекция қоры – тұқым мен топырақ.
Тамыр шірігін Fusarium Link туысына жататын саңырауқұ- лақтар да қоздырады. Бұл жағдайда жер асты буынаралықтары мен қосымша тамырлары алғаш қызарып, кейін қоңырланып, ыдырай- ды. Ылғалды ауа райында саңырауқұлақ конидияларынан тұратын қызыл-сары көпшікшелер түзіледі. Залалданған күріш өскіндері жер бетіне шықпай сарғайып, бұралып, қурайды. Топырақ ылғалы- ның жетіспеуі немесе күрт өзгеруі, оның бетінде қабыршақтың түзілуі, себу мерзімін сақтамау жəне өсімдікті əлсірететін басқа да факторлар аурудың дамуына əсерін тигізеді. Саңырауқұлақ 20-220С температура мен 40% топырақ ылғалдылығында жақсы дамиды.
Кесел белгісі тұқымның өну, өскін, түтіктену жəне гүлдеу ке- зеңдерінде білінеді. Қоздырғыш өсімдіктің негізгі жəне қосымша тамырларын, жер асты буынаралықтарын, сабақ негізін залалдай- ды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамырлары мен сабақтарының төменгі бөліктері қоңырланады. Оңтүстікте күздіктер мен жүгері қатты залалданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет