Асбұршақтың бактериялы күйігі. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas syringae pv. pisi Young et al. бактериясы. Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі – жапырағы, сабағы, сағағы, жапырақ серігі, бұршаққабы залалданады. Ауруға шалдыққан мүшеде ортасы қара- лау, айналасы суланған майлы жиекпен көмкерілген дақ түзіледі. Əдетте өсімдіктің төменгі жапырақтары мен жас шырынды мүше- лері залалданып, ауру бірте-бірте жоғарғы жапырақтарға таралады.
Қоздырғыш өсімдікке леп саңлауы арқылы енеді де эпидермис астымен қабықтың паренхимасында таралып клетка қабырғасын бұзып, түтіктерге еніп, өсімдік солады. Жеміс сағағының түтіктері- мен бактериялар дəнге өтіп, тұқымда сарғыш дақтар пайда болады.
Кесел ылғалдылық пен су тамшысында жəне 25-280С тем- пературада қарқынды дамиды. Бұл бактерия басқа да дəнді-бұршақ өсімдіктерін залалдайды. Инфекция қоры – тұқым мен өсімдік қал- дықтары.