Майбұршақтың бактериялы күйігі. Ауру қоздырғышы – Pseudomonаs glycineum Coerper бактериясы (86-сурет). Бұл қоз- дырғыш тек майбұршақты залалдайды. Бактерияның дамуына қо- лайлы жағдай 24-260С температура. Қоздырғыш өсімдікке табиғи саңлаулар жəне механикалық жаралар арқылы еніп вегетация ке-
зеңінде экссудат жаңбыр тамшыларымен жəне желмен таралады. Инфекцияның негізгі қоры – залалданған тұқым.
86-сурет. Бактериялы күйік
Кесел белгілері сабақта, жапырақта, бұршаққапта дақтар түзі- луімен білінеді. Жапырақта алғаш суланған сары-қоңыр кейін қара-қоңыр немесе қара түсті, майда, бұрышты, жұқа дақтар пайда болады. Дақтар бір-бірімен қосылып, жапырақтың едəуір бөлігін алып, оның астыңғы бетінде бактерия экссудаттары бөлініп, кеуіп жалтыраған қабыршаққа айналады.
Сабақтағы дақтардың пішіні жолақты, түсі қара, көлемі əр- түрлі болады. Бұршаққапта жайылған, майлы, түсі ашық-қоңыр, суланған дақтар түзіледі де дəндері дамымай, күңгірттеніп, қабығы қыртыстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |