Үрмебұршақтың бұрышты дағы. Ауру қоздырғышы – Pseudo- monas syringae pv. phaseolicola Young et al. бактериясы. Бұл қоз- дырғыш үрмебұршақтан басқа бөрібұршақты, майбұршақты, ноқат- ты залалдап, өсімдік қалдықтарында 1 жыл, ал тұқымда 4 жылға дейін сақталады. Вегетация кезеңінде инфекция қоры – жаңбыр там- шысы жəне желмен таралатын экссудат. Қоздырғыштың дамуына ылғалдылық пен су тамшысы жəне 25-300С температура қолайлы болып табылады.
Ауруға өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі шалдығады. Кеселдің алғашқы белгісі тұқым жарнағында майда, қоңыр, сүйел тəрізді немесе жайылған майлы дақтар түрінде білінеді. Жапырақта қошқыл-жасыл түсті, майлы дақтар жүйке аралығында орналасып, кейін қызыл-қоңыр түске айналады. Дақтар бір-бірімен қосылуы мүмкін, бірақ бұрышты қалпы сақталады.
Залалданған жапырақтың астыңғы бетінде ақшыл-сұр шырыш (экссудат) бөлініп, кейін кеуіп жұқа сұр қабықшаға айналады. Ау- руға шалдыққан бөліктің айналасы хлорозданып, жапырақ ұшы солыңқырап, кейін қоңырланады. Жапырақ қатты залалданғанда ке- уіп, жансызданып түседі.
Сабақта бойлаған қызыл-қоңыр жарықтар мен ойық жаралар пайда болады. Бұршаққапта алғаш майлы дақтар түзіліп, кейін түрлі қоңыр түстерге айналады.
Тұқымдағы дақтар сарғыш түсті, ал ойық жаралары инемен тесілгендей болып көрінеді. Тұқым қыртыстанып, ұсақталып, же- тілмейді. Егер жас өсімдіктің бірінші жапырақтары залалданса, онда өсімдік гүлдеместен қурайды.