Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Дəнді дақылдардың қара-қоңыр дағы



бет123/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Дəнді дақылдардың қара-қоңыр дағы. Ауру қоздырғышы – Bipolaris sorokiniana Shoem., син: Helminthosporium sativum P., K. et B. саңырауқұлағы (74-сурет). Қоздырғыштың жіпшумақтары өсімдік ұлпасында клетка аралығымен таралып, леп саңлауы жəне эпидермис арқылы жеке немесе топталған конидия тасушылар мен конидиялар сыртқа шығады.


74-сурет. Дəнді дақылдардың қара-қоңыр дағы

Конидия тасушылардың жақсы дамыған, бунақты, ісінген түрлі бұлтықтары болады, олардың əрқайсысынан бір конидия түзіледі. Конидиялар сопақша, ұшы доғалданып, сəл иілген, 3-15 көлденең перделі, жас конидиялар ашық-зəйтүн, ал жетілгендері қара-зəйтүн, кейде қара түсті. Конидиялар шеткі клеткалардан дамиды.


Өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың қалталы кезеңі бо- луы мүмкін. Қалта мен қалтаспоралар псевдотеций ішінде түзіледі. Қалталы кезеңінде саңырауқұлақ Cochliobolus sativus Drechsl. деп аталады.
Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, өсімдік қалдықтары мен дəнде жіпшумақ жəне конидия түрінде қыстайды. Өсімдік қалдықтарында қоздырғыш бір жылдан артық сақталмайды.
Саңырауқұлақ өсімдіктің барлық мүшелерін вегетация бойы залалдайды. Колеоптильдің жас ұлпаларында сары, ашық-қоңыр түсті сызықшалар немесе дақтар пайда болады. Залалданған өскін- де үш тамырдың орнына біреу ғана түзіледі. Сабақ айнала залал- данып, ұлпалары шіріп, қисаяды. Бірінші пайда болған тамырлармен қатар екіншілері жəне жер асты буынаралықтары да залалданады. Екінші тамырларда ауру белгісі тамыр ұшынан басталып, кейде та- мыр бұталанған бөліктен немесе тамыр негізінен білінеді. Өсімдік түптене бастағанда жер асты буынаралығы залалданып, оны бой- лаған қоңыр жолақтар байқалады.
Кеселдің зиянды формасы – сабақ негізінің залалдануы, яғни өсімдіктің түптенуінен дəннің пісіп жетілу кезеңдеріндегі дамуы. Залалданған тамыр мойны мен сабақтың төменгі бөлігінде қара- қоңыр дақтар пайда болып, кейін олар сабақты орайды. Сабақтың төменгі буындары кейде шіріп, қара-сұр өңезбен жабылып, өсімдік жапырылады.
Жапырақ бетінде алғаш қоңыр, кейін қоңыр-сұр немесе ашық- қоңыр дақтар түзіледі, олардың ортасы ақшыл, қоңыр жиекті, сəл созылыңқы болып келеді. Дақ үстінде зəйтүн-қоңыр немесе қара- сұр өңез түзіледі. Масақ залалданғанда тұқым қауызы ашық-қоңыр түске боялып, оның бетінде қоңыр жиекті сопақша дақ пайда бола- ды. Залалданған бөліктер кейін мол қара мақпал өңезбен жабылады. Пісіп жетілген дəннің ұрығы қараяды (қара ұрық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет