Сұлының тəжді таты. Ауру қоздырғышы – Puccinia coronifera Kleb. саңырауқұлағы (71-сурет). Қоздырғыш толық циклды дамиды, аралық иесі – итшомырт. Урединийоспоралары сопақтау, көлемі 28-37 х 15-28 мкм, бір клеткалы, түсі сары, ұсақ тікенекті, қабығы қалың.
Телиоспоралардың көлемі мен пішіні əртүрлі
34-56 х 13-20 мкм, түсі қара-қоңыр, көбінесе олар
71-сурет. Тəжді тат шоқпар тəрізді, екі клеткалы, сабағы қысқалау, жо-
ғарғы бөлігінде 1-8 тəжі тəрізді өскіндері бар, сондықтан да оны
«тəжді» тат деп атайды.
Республиканың солтүстігінде саңырауқұлақ вегетациялық ке- зеңде 5-6 урединий ұрпағын береді. Бұл аурумен негізінен сұлы, сонымен қатар қара сұлы залалданады. Соған байланысты қара сұ- лы да аурудың негізгі қоры болып табылады. Сұлының тəжді та- тының қолайлы даму температурасы 16-220С жəне ұзақ уақыт (4 са- ғат) сақталатын шық немесе майда ақ жаңбыр.
Ауру белгісі сұлының шашақтану кезеңінде түсі қызыл-сары пішіні дөңгелек бөртпелер жапырақтың екі бетінде, кейде жапырақ қынабында жəне масақ қабықшаларында білінеді. Вегетацияның со- ңында урединийлердің айналасында қара, жылтыр эпидермиспен жабылған телий бөртпелер түзіледі.