Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Дəнді дақылдардың түрлі аурулары Саңырауқұлақ аурулары



бет121/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Дəнді дақылдардың түрлі аурулары Саңырауқұлақ аурулары




72-сурет.
Ақ ұнтақ
Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы – Erysiphe gra- minis DC. саңырауқұлағы (72-сурет). Қоздырғыш күздік пен жаздық бидай, арпа, қара бидай, сұлы жəне т.б. көптеген дəнді дақылдарды залалдайды. Оның жіпшумағы жақсы дамыған, көп клеткалы, субстрат үстіне орналасып, оған аппрессорийлар мен гаусторийлар арқылы тіркеледі. Гаусторийлар клетка ішіне еніп, саңырауқұлақты қоректік зат- тармен қамтамасыз етеді. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен тарайды. Конидия- лары түссіз, бір клеткалы, цилиндр немесе бөшке тəрізді, көлемі 26-30 х 8-14 мкм, тізбектеліп түзіледі. Клейстотецийлер шар тəрізді, диаметрі 135-
180 мкм, топтасып жіпшумаққа батып орнала- сады. Қосымшалары көп, қысқа, ашық-қоңыр түсті, қарапайым, кейде сəл бұтақталған. Жеміс

дене ішінде жұмыртқа немесе эллипс тəрізді 8-10, кейде 30 дейін қалталары болады, оның ішінде 4-8 қалтаспоралар орналасады. Аскоспоралары (қалтаспора) эллипс тəрізді, көлемі 20-23 х 10-13 мкм. Клейстотецийлер өсімдік қалдықтарында қыстап, көктемде аскоспоралар жетіліп, өсімдікті алғаш залалдайды да, жаңа жіп- шумақ түзіліп, бетінде конидиялар мен конидия тасушылар пайда болады. Кейбір аудандарда аскоспоралар күзде жетіліп, күздік бидайды залалдап, көктемде жаздық бидайға көшеді. Залалдану 3-300С температура аралығында, 50-100% ылғалдылықта жүреді.
Инкубациялық кезең 3-11 күн.
Бұл ауруға өсімдіктің сабағы, жапырағы, жапырақ қынабы, кейде масағы шалдығады. Жас өсімдіктердің мүшелерінде ақ түсті өңез түзіледі. Кесел жапырақтардан сабақты бойлап жоғарғы бө- ліктерге тарайды. Өңез үстінде саңырауқұлақтың конидия тасу- шысы мен конидиялары түзіледі. Конидиялары бірнеше ұрпақ бе- ріп, ауруды таратады. Өңез бірте-бірте киіздей тығыздалып, бетінде жеміс дене-клейстотецийлер түзіледі. Ауру қарқынды дамығанда өңез масағына да тарайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет