Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет122/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Қастауыш (спорынья). Ауру қоздырғышы – Claviceps purpurea Tul. саңырауқұлағы (73-сурет). Қоздырғыш көптеген мəдени жəне жабайы астық тұқымдас өсімдіктерді, соның ішінде қара бидайды жиі залалдайды.
Саңырауқұлақтың даму циклы конидиялы, қал- талы кезеңдерден жəне склероцийлардан тұрады.
Егісті жинағанда склероцийлар топыраққа тү- сіп қыстайды немесе тұқым арасында сақталады. Көктемде 10-14°С температура шамасында склеро- цийлар өніп, көптеген қызыл строма түзеді. Стро- маның домалақ басында саңлауы сыртқа қарай шыққан құмыра тəрізді перитецийлер орналасады. Əр домалақ стромада 200-400 перитецийлер бола- ды. Олардың көлемі 275-300 х 82-110 мкм. Əр пери-


73-сурет.
Қастауыш

теций ішінде 32 қалта, əр қалтада 8 цилиндр, шоқпар немесе жіпше тəрізді, түссіз, бір клеткалы қалтаспоралар түзіледі.
Бидай гүлдеген кезде аскоспоралар пісіп жетіліп, қалталардан босап шығып, желмен таралады. Гүл аузына түскен аскоспора өніп жіпшумақ түзіп, аналық арқылы жатынға еніп, қарқынды дамиды. Жіпшумақтың конидия тасушыларында конидиялар түзіліп, тəтті иісті шырын тамшысы пайда болады. Конидиялар эллипс тəрізді бір клеткалы, көлемі 4-6 х 2-3 мкм. Тəтті шырын насекомдарды өзіне тартып, олар конидияларды басқа өсімдік гүліне таратып за- лалдайды да, гүлдегі қайта дамыған жіпшумақ барлық ұлпаларды бұзып, склероций түзеді. Гүлдеу кезеңіндегі жаңбыр тамшысы да аурудың таралуына себебін тигізеді.
Аурудың белгісі астықтың пісіп жетілген кезеңінде білінеді. Залалданған өсімдіктердің гүл шоғырында дəн орнына ірі, қара қарамықтар (склероцийлар) пайда болады. Олар алғаш сия-күлгін, кейін қара түске айналып, масақшадан (4 см) шығып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет