Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. Жүгерінің көпіршік



бет112/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

67-сурет. Жүгерінің көпіршік
қара күйесі

Телиоспоралар 23-40°С температура аралықтарында өнеді, ал олардың қолайлы даму температурасы 23-25°С, топырақ ылғал- дылығы – 40-80%. Cаңырауқұлақ өсімдікте диффузды таралмай, өсімдікке енген бөлікте жергілікті дамиды.
Қоздырғыш негізінен вегетативті клеткаларды залалдайды. Со- бықтағы дəндердің перикарпий қабығы, сұлтанның тозаңқабы, са- бағы жəне гүл жапырақтары ауруға шалдығады.
Егін жинау кезінде телиоспоралар тұқымға, топыраққа түсіп, ал қалғандары қара күйелі бұлтықтарда, өсімдік қалдықтарын-

да сақталады. Телиоспора тіршілігі 4 жылға дейін жойылмайды. Көктемгі қолайлы жағдайларда (23-25°С температура) топырақта немесе тұқымда қыстап шыққан телиоспоралар базидия мен бази- диоспораларға өніп, жас өскін мүшелерін залалдайды.
Ауруға шалдыққан бөліктерде ақшыл дақтар пайда болып, олар өсе келе көлемі мен пішіні əртүрлі бұлтықтар түзеді. Бұлтықтар- дың іші алғаш ақшыл, кейін қызғылт немесе сұрғылт түсті болып, етті бөлігі қарайып, зəйтүн-қара түсті тозаңды телиоспора масса- сына айналады.
Залалданған сабақтағы бұлтықтар шар тəрізді, жапырақ бетін- дегілері ұзынша, жүйке бойымен орналасады. Собық пен сұлтан- ның жеке бөліктері ғана ауруға шалдығады.
Өскіннің кеселі аса зиянды, себебі өсу бүршігі залалданғанда, оның ұлпалары түгел қара күйелі ісіктерге айналады. Дамуының ерте кезеңінде ауруға шалдыққан өсімдік мүлдем собық түзбейді. Шашақтану, сүттену кезеңдерінде залалданған жүгері ауруға төзім- ді келіп, жойылмайды.
Аурудың алғашқы белгісі жас жапырақтарда білінеді, ал 5-8 – жапырақтары пайда болғанда, өсімдіктің жапырақ қынабы жəне сабағы, кейін сұлтаны, собықтардан төмен орналасқан қынаптағы бүршіктер залалданады. Өсімдіктің ауруға шалдыққан сабағы қи- сайып, оның жоғарғы бөліктері қара күйелі көпіршіктерге айна- лып, қурайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет