Сұлының қатты қара күйесі. Ауру қоз- дырғышы – Ustilago laevis Magn. саңырауқұ- лағы (64-сурет). Телиоспоралары шар немесе эллипс тəрізді, диаметрі 3,6-8,1 мкм, түсі ашық-
64-сурет. Сұлының қатты қара күйесі
қоңыр, жиынтығы зəйтүн-қоңыр, қабығы тегіс. Ауру қоздырғышы көбінесе өсімдік түйінін, гүл
қабығын залалдап, ал масақша қабыршағы жұқа қабықша күйінде сақталып, тығыздалған телиоспора түйіршектерін жауып тұрады. Гүл шоғырының бұтақшалары залалданғанда шашақ қысқарып, жинақы көрінеді.
Өнімді жинаған кезде споралар дəн үстіне немесе дəн қабығы- ның астына орнығып сақталады. Ылғалды дəнде сұлының қатты қара күйесінің телиоспоралары тозаңды қара күйедегідей өнеді, ал кептірілген дəнде қабық астындағы жіпшумақ геммаларға ыдырап, осы күйінде тұқымды сепкенге дейін сақталады.
Көктемде өнген жас өскін оянған геммалар мен өнген телио- споралардан пайда болған жіпшумақпен залалданады.
Сонымен, қатты жəне тозаңды қара күйелердің өсімдікті за- лалдауы, инфекция қорының сақталуы бір-біріне ұқсас, сондықтан да практикада оларды жалпы атпен сұлының қара күйесі деп атай- ды. Олардың сұлыға келтіретін зияндылығы да бірдей.
Достарыңызбен бөлісу: |