Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет98/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

56-сурет. Сұңғыла

Жемісі – қауашақ, оның ішінде 2000-нан астам тұқым болады. Тұқымдары өте майда ұзындығы 0,2-0,6 мм, көлденеңі 0,17-0,25 мм, пішіні ұзынша немесе домалақтау, беті бұдырлау, түсі қара қоңыр. Сұңғыланың бір өсімдігі 100000-ға дейін тұқым түзеді.


Өсімдіктің жаңа түрі пайда болса, сұңғыланың да жаңа түрі пайда болуы мүмкін. Күнбағыстың сұңғылаға төзімді сорттарын- да сұңғыла енген жерде ісік пайда болып, ол əрі қарай паразитті жібермейді, ал төзімсіз сорттарында мұндай ісік түзілмейді. Сұң- ғыланың өсіп өнуіне көп факторлар əсер етеді: топырақтағы ин- фекция қоры, өсімдікті себу мерзімі, топырақтың құнарлығы, өсім- дік тамырының құрылысы тағы басқалары. Ие-өсімдігіне қарай сұңғыла біржылдық, екіжылдық, көпжылдық болады.
Сабақ жəне гүл құрылысына қарай сұңғылаларды ажырата- ды. Сұңғыланың тұқымы жеңіл болғандықтан олар сумен, желмен алысқа таралады. Сұңғыланың тұқымындағы ұрығы жетілмеген. Олар жеке тамыр, сабақ, тұқымжарнаққа бөлінбейтін, бір топ клеткадан тұрады. Клеткалар ұрыққа қажетті қоректі заттары бар ұлпамен қоршалады. Тұқым 22-250С температурада жақсы өнеді, ал температура 200С төмен немесе 450С жоғары болса өнбейді. Ие- өсімдік тамырынан бөлінген түзілім əсер етсе, сұңғыла тұқымы қандай тереңдіктен болса да өне алады.
Топырақта сұңғыла тұқымдары 8-12 жылға дейін сақталады. Өнгенде тұқым тамырша түзіп, ол ие-өсімдікке қарай өседі де,
оған тіркеліп апрессорий құрады. Соңғысы өсімдік клеткасынан су мен қоректі заттарды сорып алады. Өскіннің екінші жағы сабаққа айналып, сыртқа шығады. Сабақта көптеген қабыршық пен гүл шоғыры болады. Сұңғыланың өніп, жер бетіне шығу уақыты 1,5-2 айға созылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет