Пысықтау сұрақтары
Вирустардың құрылысы жəне көбею ерекшеліктері.
Репликациялану деген не, ол қайда өтеді?
Вирустардың өсімдікте таралуы, жəне инфекция қоры.
Вирустардың таралу түрлері.
Вироздағы бес негізгі сыртқы белгілер.
Вирус ауруларын анықтау əдістері.
Вирустар қандай түзілімдер түзеді?
Вироидтардың құрылысы, көбеюі, туғызатын аурулары.
Микоплазмалардың құрылысы жəне бактерия мен вирустарға ұқ- састығы.
Микоплазмалы аурулардың сыртқы белгілері.
Микоплазмаларды таратушы организмдер жəне инфекция қоры.
Гүлді паразит өсімдіктер
Өсімдіктердің кейбір формалары эволюциялық үдерісте өз бе- тінше өмір сүру қабілетін жоғалтқан. Бұл өсімдіктерді паразит немесе факультативті паразит деп атайды (жартылай паразит).
Қорек алатын өсімдікке орналасуына байланысты бұл пара- зиттерді екі топқа бөледі: өсімдіктің жер бетіндегі бөліктеріне (бұ- тақ, сабақ, т.б.) жəне өсімдіктің жер асты бөліктеріне (тамырға) тіркелетін паразитттер. Олар өсімдікке сорғыштарымен тіркеліп, өсімдіктен су мен қоректік заттарды алады (54-сурет).
54-сурет. Гүлді паразит өсімдік түрлері
Көк (жасыл) жартылай паразиттердің өзгерген тамырлары жəне көкшіл жапырақтары бар. Бізде олар сабынкөктер тұқымдасына жататын түрлер: марьянник (Melampyrum), көздəрі (Euphrasia), қан- дыгүл (Pedicularis), сылдырмақ (Rhinanhus) тағы басқалары. Бұлар тамырындағы сорғышы арқылы басқа өсімдіктердің тамырларына тіркеліп, оларға зиян келтіреді.
Залалданған өсімдік тамырлары мүлдем жойылып, тек жапы- рақтары қалады, сондықтан оларда ассимиляция үдерісі сақталған. Бірақ хлорофилі жоқ паразиттерге ауылшаруашылық дақылдары- ның зиянды паразиттері сары шырмауықтың түрлері, сұңғылалар тағы басқалары жатады. Кейбір шырмауықтардың тамыры, жапы- рағы, сабағы түгел өзгергендіктен ассимиляция үдерісі түгел жо- йылған.
Достарыңызбен бөлісу: |